1908 жылы Семейдегі қалалық училищеде, одан соң мұғалімдік семинарияда оқыған шақтарында ол орыс және шетел әдебиетінің туындыларымен молынан танысады. Мұның бәрі оның шығармашылықпен айналысуына үлкен себепші болған.
М. Әуезовтің тырнақалды туындысы- «Еңлік – Кебек» пьесасы 1917 жылы семинарияда оқып жүрген кезінде жазылған.
Болашақ жазушы, ғұлама ғалым Санкт-Петербург университетінде (1928 жылы аяқтаған), Ташкенттегі Орта Азия университетінде оқыған. 20-30 – жылдары жазушы қаламынан қазақтың байырғы өмірінің көрінісін бейнелеген көптеген әңгімелер туған, ал 20-жылдардың аяғына қарай «Қараш-Қараш оқиғасы» (1927) және «Қилы заман» (1928) повестері жазылған.
Мұхтар Әуезов – қазақ драматургиясының негізін салушылардың бірі, ол- тарихи тақырыптарға арналған ондаған пьесалардың авторы.
Қаламгердің есімін әлемге мәшһүр еткен ең басты туындысы – «Абай жолы» атты 4 кітаптан тұратын тарихи роман-эпопеясы.