Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: « Шешендік сөздер» кітабы
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Шешендік сөзер. Тайкелтірдің төрелігі туралы мазмұндау.
ІІІ. Білім тексеру:
Сұрақ жауап
1.Шешендік сөздер деген не?
2.Шешендік сөздер қандай сөздерден жасалады?
3.Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні неде?
4.Төле би Тайкелтірді қалай сынады?
5.Тайкелтір даукестерге қандай төрелік сөз айтты?
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Байдалы бидің көңіл айтуы
Шоқанның атасы Уәлихан қайтыс болғанда астында аты, үстінде тоны болмағандықтан Байдалы би жаназаға бара алмапты. Бір күндері Байдалы Уәлиханның бәйбішесі Айғанымға келеді. Өкпелі Айғаным шешенді аттан түсіріп алуға шыға қоймады. Сондағы Байдалы бидің айтқаны:
-Ер қартайды, мал тайды
Екеуледі, ей, ханым!
Қатын жалқау, ұл ынжық,
Төртеуледі, ей, ханым!
Келін қатал кер болды,
Ағайын жат ел болды,
Алтаулады, ей, ханым!
Кәрілік пен кедейлік,
Егіз келді, ей, ханым!
Мұның бәрін санасаң,
Сегіз болды, ей, ханым!
Қайсаған жақ, иек бар,
Саудыраған сүйек бар,
Ауыл алыс жер болды,
Тоқсан темір жер болды,
Оннан асты , ей, ханым!
Шығар жолды осыдан
Өзің тапшы, ей, ханым!
Құла бие құлындап,
Келе алмадым, ей, ханым!
Келдім енді кетемін,
Ықылассыз ордаға,
Ене алмадым, ей, ханым!
Достарыңызбен бөлісу: |