Пайдалы және зиянды өсімдіктер,олардың табиғаттағы рөлі.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға өсімдіктердің көптүрлілігін және маңызы жайлы түсінік беру, білімдерін арттыру.
Сабақ кезеңі уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы Ой қозғау
Сабақ ортасы
Рапорт. Сабақтың тақырыбы: Оқу тапсырмасын пысықтау Жаңа тақырып Мақсаты: Оқушыларға өсімдіктердің көптүрлілігін және маңызы жайлы түсінік беру, білімдерін арттыру
2 Өсімдіктер әлемі – тірі табиғаттың бір бөлігі.Адамзаттың да, жануарладың әлемінің де өмірі шынында да осы өсімдіктер дүниесіне тығыз байланысты. Әлемде көзге көрінетін өсімдіктер әр алуан. ХҮІІІ ғасырда швед ғалымы К. Линней өсімдіктердің көптеген түрлерін анықтап, 6000 түрі ғана белгілі болды.
Өсімдіктің таралу жолдары әртүрлі. Климаты суық жерлерге қарағанда жылы тропикалық және субтропикалық жерлерде өсімдіктің түрлері де өте көп.
Мысалы: Гренландия аралында – 390 түрлі
Сахарада – 300 дей
Бразилияда – 40 000 түр
Индияда – 21 000 түр
Қытайда – 20 000 түр
Африканың тропикалық аудандарында – 13 000 өсімдік түрі кездеседі.
Жер бетіндегі табиғат жағдайлары әр жерде әртүрлі. Бір жерде үнемі жаз, екінші жерде үнемі қыс , ал тағы бір тұста жылдың барлық мезгілдері айқын байқалады.
Өсімдіктер құрлықта және суда, тундра мен шөл далада , тауларда және мұздықтарда да кездеседі.
Экватор маңы сияқты жыл бойы жаз болып тұратын аймақтарда жылу сүйгіш өсімдіктер мен жемістер өседі. ( мысалы. ЗӘЙТҮН, МАНДАРИН, БАНАН
Шөл далаларда ыстыққа төзімді және суды үнемді әрі аз пайдалануға бейімделген өсімдіктер өседі. Мысалы: сексеуіл бірнеше айлар бойы сусыз тіршілік етуге бейім.
Мұхиттар мен теңіздерде, өзендер мен көлдерде балдырлар , теңіз капустасы және маржанды рифтерде өсетін ерекше өсімдіктің түрлері өседі.Бұл өсімдіктер су жануарларына қорек болып қана қоймай, судың құрамындағы заттардың тепе-теңдік жағдайына әсер етуші.
Өсімдіктер табиғатта үлкен роль атқарады.. Жануарлар алуан түрлі өсімдіктермен қоректенеді. Адам өз тіршілігінде көптеген мәдени өсімдіктерді пайдаланады. Егістіктермен мал жайылымдары ауыл шаруашылығының қайнар көзі болып табылады.
Өсімдіксіз біз көріп жүрген табиғат мұндай көркем, әрі сұлу болмас еді. Қызыл жасыл түспен боялмаған гүлдерсіз ешқандай қаланың , ауылдың көркі сұлу болмас еді.
1-тапсырма:
Пайдалы және зиянды өсімдіктерді жазады.
Пайдалы өсімдіктер.
Зиянды өсімдіктер.
Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады.