Кері байланыс -Болашақта үнемдеу схемасын құруға ниет бар ма?
Кері байланыс тақтайшасы
Білім беру ұйымы
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі
Бөлімі
Тіршілік қауіпсіздігі.
Педагогтің аты жөні:
Акдаулетова С
Күні:
Сынып:
7
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Табиғаттағы, қауіпсіздік
Сабақтың мақсаты:
Табиғатты аялауға,қорғауға, табиғат әсемдігін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі (уақыты)
Педагог әрекеті
Оқушының әрекеті
Ресурстар
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Амандасу. Миға шабуыл ТБАИАҒТАҒЫТ СҚАІПКУІЗД -Қауіп деген не? -Катаклизм деген не? -Төтенше жағдай деген не?
Төтенше жағдайлар кезіндегі ескертулер Теледидар,радио....
Катаклизм түрлері....
Табиғи /цунами,жер сілкінісі,дауыл..../,техногендік /көлік апаты,жарылыс, өрт,,,/, экологиялық /түрлі жарылыстар, вулкан, ракеталардың құлауы..../
Су тасқыны кезіндегі әрекет.....
Жер сілкінісі кезінде қорғану әрекеттері.....
Өрттен сақтану......
Есіңде болсын.....
Өрт сөндіру бөлімінің телефоны 101 Полиция телефоны 102 Жедел медициналық көмегінің телефоны 103 Төтенше жағдайлардың алдын алу телефоны 112
Оқушылар әріптерді орнына қойып,бүгінгі сабақтың тақырыбын шығарады.
Егер бөлменін іші ащы түтін болса ? А) Есікті жаппай, терезені ашамын -0
Б) Шығып кетемін -0
В) Аузымды және мұрнымды суланған орамалмен жауып, еденге жабыса есікке қарай жылжып шығамын- 3
Электр сымы өртенсе ше? А) Су құямын -0
Б) Үлкендерді көмекке шақырамын- 3
Үстіңдегі киім өртенсе ше? А) Жүгірем, үстімдегі киімді шешуге тырысамын – 0
Б) Тоқтаймын, жерге домалаймын өртті сөндіру үшін -3
В) Көрпеге оранамын -2
Егер, тамақ әзірлеген уақытта тападағы май жанса? А) Суланған орамалды жабамын -3
Б) Су құямын -0
В) Тапаны далаға шығаруға тырысамын -0
Егер, өрт басталған кезде сен 5-ші қабатта болсан не істейсің ,телефон жоқ? А) Су шүберектермен есіктің тесіктерін бекітіп, терезеден көмекке шақырамын -3
Б) Шүберектерден арқан жасап терезеден төмен түсемін -1
В) Көмекке шақырамын -1
Өте қызық бағдарлама көріп отырғанда, теледидардың артынан түтін шықса, не істеуін керек?
Электр құралдарын пайдаланған кезде біз қандай техника қауіпсіздік ережелерін білуіміз керек?
-Ақауларды ажыратқыштарды,розеткаларды мен патрондарды қолдануға болмайды.
-Электр сымдарына мөлшерден тыс салмақтың түсуіне,жоғары қуатты электр құралдарын бір розеткаға қосуға болмайды.
-Ашық тұрған сымдарды ұстауға болмайды,себебі ток ұруы мүмкін.
-Электр құралдарын қосып,қараусыз қалдыруға болмайды.
Оқушылар сұраққа жауап береді.
Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді.
Интербелсенді тақта
Интербелсенді тақта
http://youtube.com/watch?v=UjiIs6ZTWxk
Сабақтың соңы
Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды....
Кері байланыс тақтайшасы
Білім беру ұйымы
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі
Бөлімі
Тіршілік қауіпсіздігі.
Педагогтің аты жөні:
Акдаулетова С
Күні:
Сынып:
7
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Мен не жеймін? Азық-түлік қауіпсіздігі.
Сабақтың мақсаты:
Жалпы тақырып жайында түсінік беру, оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі (уақыты)
Педагог әрекеті
Оқушының әрекеті
Ресурстар
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Амандасу.
-Пайдалы әрі пайдасыз тағам түрлерін атаңдар....
-Сенің күнделікті жейтін тағамын...
Азық-түлік қауіпсіздігі - қазіргі таңда дүниежүзілік экономикалық саясаттың күнделікті талқысына айналып отырған мәселелердің бірі және бұл еліміздің Ұлттық қауіпсіздігінің негізгі салаларының бірі болғандықтан ерекше маңыздылыққа ие. 1998 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздігі туралы Заңында азық-түлік қауіпсіздігіне мынадай анықтама берілген: «азық-түлік қауіпсіздігі – тұтынудың физиологиялық нормаларын және демографиялық өсуді қанағаттандыру үшін жеткілікті болатын сапалы азық-түлік тауарларына халықтың нақты және экономикалық қол жеткізуін қамтамасыз етуге мемлекеттің қабілетті екендігін білдіретін экономиканың жай-күйі».
Қазіргі уақытта Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндірушілер ретіндегі ішкі қатерлерге төмендегілер жатады:
- егін алқаптарының қысқаруы және астық жинаудың төмендеуі;
- ауыл шаруашылық малдарының қысқаруы;
- ауыл шаруашылық өнімін сақтау және өңдеу салаларының дамымағандығы;
- ауыл шаруашылық өндірушілеріне несиелеудің тиімді механизмінің болмауы;
- жер ресурстарының тозуы, топырақтың құнарлығының төмендеуі және
тұздануы;
- импорттық азық-түлік пен ауылшаруашылық технологияларына тәуелділіктің өсуі;
- табиғи апаттарға: жер сілкінісі, қуаңшылық, су тасқыны және т.б. жағдайларға дайындықтың болмауы;
- агроном кадрларды дайындау сапасының төмендігі;
- ауыл жастарының қалаға массалық ағылуы, бұл ауылдың демографиялық дағдарысына алып келеді.
Азық-түлік қауіпсіздігінің үш деңгейі бар. Біріншіден, әр мемлекетте қолжетімділік болуы тиіс, яғни өнім мемлекеттің өзінде өндірілуі керек немесе ондай жағдай болмаса шетелден әкелінуі қажет. Екіншіден, азық-түлікті халықтың сатып алуға мүмкіншілігі болуы керек. Басқаша айтқанда, азаматтың өз қаражатына азық-түлік қоржынын нарықтық бағамен алуға шамасы келуі тиіс. Ал үшінші деңгейде азық-түлік сапасы жоғары болуы қажет.