Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Жаһандық құзіреттілік деген не? Сабақтың мақсаты



бет9/28
Дата26.07.2023
өлшемі446,87 Kb.
#104827
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
Осындай жағдайда не істеу керек?
Егер банктің қауіпсіздік қызметіненмін немесе тіпті «жеке менеджеріңмін» деп қоңырау шалса, әңгімені бірден үзіп, тұтқаны қойған дұрыс. Себебі банктің қызметкері ешқашан осы деректерді сұрамайды және бірінші болып қоңырау шалмайды.
Сонымен қатар, нағыз банк менеджеріне сіз туралы ақпаратты: тегіңізді және төлқұжат деректеріңізді, ресімделген карталарды және олардың деректемелерін, сондай-ақ ақша қаражатының қалдығын нақтылау үшін қоңырау шалудың қажеті жоқ.
Банкте сіздің толық қаржы мәліметі ңіз және кредит тарихыңыз бар. Сондықтан банктің қызметкерлері осы мәселе бойынша ешқашан қоңырау шалмайды. Бұл ақпараты алаяқтар үшін ғана маңызды.
Банктің қызметкерлері сізден операцияларды және ақы төлеуді жүзеге асыру үшін қажетті банк картаңыздың деректерін мүлдем сұрамайды.
Тіпті автоматтандырылған банк жүйелерінен келетін SMS-те де «Кодты ешкімге, тіпті банктің қызметкерлеріне де бермеңіз» деп көрсетіледі.
Картаның қолданылу мерзімін де, CVC/CVV-кодтарды (сыртқы жағында көрсетілген үш мәнді код), код сөзін және ақша қаражатының қалдығын айтуға болмайды.
Егер сіздің картаңыз немесе шотыңыз бойынша расында да күмәнді операциялар жүргізілсе, банк оларды оқшаулайды және картаңызды бұғаттап тастайды, ол туралы мобильдік қосымшада немесе SMS арқылы хабарлайды.
Сол кезде сіз өзіңіз не call-орталық, не бөлімшесіне бару арқылы банкпен өзара іс-қимыл жасай бастайсыз. Осылайша, қаржы ұйымының «қауіпсіздік аясында» боласыз.
Хабарласып тұрған адамның не айтқанына қарамастан, ешқашан үрейге берілмеңіз, тұтқаны қойып, банктің call-орталығына өзіңіз хабарласыңыз.
Алаяқтық қаржылық алаяқтық қана болмайды
Соңғы екі жылда алаяқтық қылмыстың ең кең тараған түрлерінің бірі болып табылады. Қылмыстың жалпы құрылымында алаяқтықтың үлесі 10%-дан 13,3%-ға дейін өсіп, ұрлықтан кейін екінші орында тұр.
Телефонмен жасалатын алаяқтық түрлерінің ішінде құқық қорғау органдардан хабарласып тұрмыз-дейтін алаяқтықты атап өтуге болады. Ол қаржылық алаяқтыққа тікелей жатпаса да Fingramota.kz олар жайында да ескертеді.
Біріншіден, алаяқтар құжаттар мен түрлі хабарламаларды қолдан жасау үшін бағдарламалық қамтылымды пайдалануы мүмкін.
Егер сіздің ақпаратыңыз қандай да бір жолмен алаяқтардың қолына түссе, олар, мәселен, салық органынан және прокуратурадан жалған хат жазып, оны сіздің электрондық поштаңызға немесе мессенджерлер арқылы жіберуі мүмкін, содан кейін алаяқ өзі жеке хабарласып, қорқытып, бопсалап, «жақсылықпен келісуді», мысалы, сіз электрондық әмиянға белгілі бір соманы жіберсеңіз, іс одан әрі насырға шаппайды деуі мүмкін.
Пара беру қылмыс екенін атап өтеміз. Сондықтан да мәселені ешқашан пара беріп шешуге болмайды. Сонымен бірге егер расында айыппұлыңыз болса, алаяқтарға жіберген аударым сізді одан босата алмайды.
Кейде алаяқ сіздің берешегіңіз туралы біліп алып, сізден ақша сұрайды, одан соң ізін суытады. Айыппұлыңыз бен берешегіңіз одан ешқайда кетпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет