Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Жаһандық құзіреттілік деген не? Сабақтың мақсаты



бет3/28
Дата26.07.2023
өлшемі446,87 Kb.
#104827
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Жаһандық құзіреттілік ҚМЖ

Кері байланыс
-Бүгін сабақты өте жақсы түсіндім
-Бүгінгі сабақта маған қызықты болды
-Бүгін мен үшін қиын болды






Кері байланыс тақтайшасы






Білім беру ұйымы

«№8 Н.Төреқұлов орта мектебі» КММ

Бөлімі

Азаматтық және патриотизм

Педагогтің аты жөні:

Омарова А.С

Күні:




Сынып:




Қатысқандар саны:



Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Отан деген мен үшін...

Сабақтың мақсаты:

Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы
Сабақтың ортасы

Амандасу.
Миға шабуыл «Отан» сөзжұмбақ
1.Отан сөзінің синонимі
2.Мемлекеттік рәміздердің бірі
3.Ең жақын адам
4.Қасиетті тағам

О
















Т
















А
















Н
















Отан дегеніміз - адамның туып - өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын атамекен. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы.
Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Болуы да мүмкін емес! Өйткені сен ең алғаш жарық дүниеге келген сәтіңнен бастап, осы өлке саған алтын бесік – атамекен болып есептеледі. Сенің ғана емес, сенің әкең мен шешеңе, атаң мен әжеңе, одан арғы бабаларыңа да осы өңір құтты мекен болған. Сенен кейінгі ұрпақтарға да құтты қоныс болып қала бермек.

«Отанды сүю иманнан» әні


Отан туралы мақал-мәтелдердің мағынасын ашу.
Отан - елдің анасы, Ел –ердің анасы.
Отанды сүю- отбасынан басталады.
Отан оттан да ыстық.

Сөзжұмбақ-ты шешеді


Отан сөзіне түсініктеме алады.


Постер құрастырады

Әнді тыңдай отырып,болашақта кім болатындығын атап өтеді



Инт.тақта


https://www.youtube.com/watch?v=Xo2Ye-q2GmA
https://www.youtube.com/watch?v=yGliM_IKDh8

Сабақтың соңы

Кері байланыс: -Бүгінгі сабақтан не қызық болды?
-Бүгін сабақта қиын болды...
-Бүгінгі сабақта қоржыныма саламын....




Кері байланыс тақтайшасы



Тексерілді: Сыздықбаева С




Білім беру ұйымы

«№8 Н.Төреқұлов орта мектебі» КММ

Бөлімі

Азаматтық және патриотизм 

Педагогтің аты жөні:

Омарова А.С

Күні:

23.09.2022ж

Сынып:



Қатысқандар саны:



Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Өзге тілдің бәрін сүй, өз тіліңді құрметте!

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға тілдің маңызын түсіндіру, оқушылардың ана тілі туралы ой-пікірлерін білу, оқушыларды ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы



Амандасу.
Миға шабуыл
-Бұл кісінің жан айқайы не деп ойлайсыңдар?
-Бүгінгі күннің өзекті тақырыбы қандай?
Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
Тіл байлығы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Құрметті ақынымыз Қадыр Мырзалиев:
Ана тілің – арың бұл
Ұлтың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте – деген тұжырымы бұл,барлығымызға қойылатын талап.
Халық даналығы «Ананың балаға берер ең асылы тілі» дейді. Ендеше анамның тілін мен құрметтеп, оны мақтан етемін. Ана тілі деп аталуы да содан, сондықтан оны ұмыту, білмеу бұл үлкен қателік. Осыны түсінсе деп ойлаймын.
Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы.Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі.Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз.Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды..Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
«Тіл – еліміздің іргетасы»



.

Оқушылар бейнесюжетті көріп,ой қозғайды.

Оқушылар мегажоба жасайды.


http://youtube.com/watch?v=TK-cL8icepg



Сабақтың соңы

Кері байланыс
-Бүгінгі сабақтан не қызық болды?
-Бүгін сабақта қиын болды...
-Бүгінгі сабақта қоржыныма саламын....

«ҚҚҚ» әдісі

Кері байланыс тақтайшасы



Тексерілді: Н.Толаева





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет