Сабақты бекіту. Абайдың «толық адам» ілімі туралы не білдік?
Қорытындылау
Пәні: Абайтану Сыныбы:11 Күні: 02.03.2018 ж.
Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» өлеңі
Сабақтың мақсаты:Ұлы ойшыл, поэзия пайғамбары ақын Абайдың сан қырлы келбетін аша отырып, оқушылардың білім алуға деген ынтасы мен іскерлігін, оқу – танымдық қажеттілігін қалыптастыру.
Оқушыларды жеке тұлға ретінде ала отырып, олардың іс әрекет түрлерін мақсатты қалыптастыру, өздік дербес ізденуге баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдістері: Топтық пікір алысу
Сабақтың көрнекілігі: «Абайдың шығармалар жинағы», «Абай елі» кітабы, Сабақтын барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі-2-3 минут
2.Мұғалім сөзі:
Оқушылар «Абай әлеміне саяхат» сабағымызды жалғастырамыз.
Біз Абай шығармашылығымен сонау бастауыш сыныптағы өнер-білімге, табиғат лирикасынан, 5 сыныптағы М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясынан үзінді «Әжемнің әңгімесі», «Ақындардан» бастау алған білімімізді, биылғы жылы мектеп бағдарламасына енген «Абайтану» курсы арқылы толықтырудамыз. «Абайды тани алмаған қазақ дүниені де танып жарытпайды» (Н.Назарбаев).
«Абайтану» арқылы жас ұрпақ өз тарихын, ата-баба мұрасын танып, зерделейді.
Жыр алыбы Жамбыл «Абай - ақын емес, ол-ғұлама» деген болса, ақын С.Торайғыров «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе, адамдықты көздесең жаттап оқы, көңілге» деп ұран етті.
«Адамның ең жаманы -талапсыздық» деп ақынның өзі айтқандай жас ұрпақ сана сарайын ашуда, ой орамдарын тереңдетуге Абай өлеңдері мен қарасөздерінің қасиетті құрандай екені даусыз.
Жаңа сабақ: Абай «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес...» өлеңі
Мұғалім сөзі: Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.
«Өлсе өлер табиғат, Адам өлмес»
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
Ол бірақ қайтіп келіп, ойнап – күлмес
«Мені» мен «менікінің» айрылғанын
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған
Өлді деуге сыя ма айтыңдаршы
Өлмей-тұғын артына сөз қалдырған?
Кім жүрер тіршілікке көңіл бермей?
Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей
Міні қайда екенін біле алмассың
Терең ойдың телміріп соңына ермей.
Дүниедегі дос ақиретке бірдей болмас
Екеуі тап бірдей боп орныға алмас
Дүниеге ынтық, мәғшәрға амалсыздың
Иманын түгел деуге аузым бармас.
Достарыңызбен бөлісу: |