Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты



бет32/51
Дата19.05.2023
өлшемі140,43 Kb.
#95358
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51
Байланысты:
лекция абайтану

Сен мені не етесің?
Сен мені не етесің?
Мені тастап,
Өнер бастап
Жайыңа
Және алдап,
Арбап,
Өз бетіңмен сен кетесің.
Неге әуре етесің?
Қосылыспай,
Басылыспай,
Байыңа
Және жаттан
Бай тап
Өмір бойы қор өтесің.
Ет жүрек өртенді,
От боп жанып,
Жалын шалып iшіме.
Иттей қормын,
Зармын,
Сен үздің ғой бұл желкемді.
Кім білер ертеңді?
Өлім айтпас,
Келсе қайтпас
Кісіге.
Бүгінгі күн
Бармын,
Жолдас еттің сен бөтенді.
Ғашықтық — қиын жол.
Жетсең — жеттің,
Жетпей өттің,
Не болды?
Арманда өмір
Өтті,
Ойлар ма екен бір, мені сол?
Салдырап аяқ-қол,
Жетпей сертке,
Ішім дертке
Тез толды.
Ажал уақыты
Жетті,
Мен өлейін, сен сау-ақ бол.
Шын жүрек — бір жүрек,
Қайта толқып,
Жолдан қорқып
Айнымас,
Шегінісіп
Қайтпас,
Өлсе бір сөзбен, не керек?
Білесің, сен зерек,
Мен пәндеңе
Болды деме,
Кел, қарас.
Ешкім сөгіс
Айтпас,
Рақым қылсаң, кел ертерек!
Шын ғашық мен саған!
Кейіп жүрсем,
Сені көрсем,
Ләм-мим деп
Бір сөз айтар
Хал жоқ,
Еріп кетер бой сол заман.
Ойыңды сен маған
Бір бөлмедің,
Тез келмедің
Мені іздеп.
Ішіңде ыстық
Қан жоқ,
Тас бауыр жар, бол қош аман!
Жар, сенің көңлің тоқ,
Ақ етіңді,
Нұр бетіңді
Меншікті
Қылмаған соң
Алла,
Өзі сорлы етсе, амал жоқ.
Сен аттың жөнсіз оқ,
Тәңрі — қазы
Тас таразы,
Тентекті
Қалма,
Серт бұзғанның, біл, орны—шоқ.
Сабақты қортындылау



Пәні: Абайтану Сыныбы:11 Күні: 02.02.2018 ж.
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы. «Білектей арқасында өрген бұрым...»  өлеңі

Білімділік мақсаты: Абай ұлылығын терең сезіндіру, оқушыларға Абайдың махаббат лирикасына жататын өлеңдері тақырыбы жағынан, көркемдік сипат - өзгешелігін терең меңгерту, жатқа айту, өлеңді талдау машығын жетілдіру;
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Сабақ түрі: Жаңа бағдарлама бойыша топтық жұмыс
Әдіс - тәсілі: «Кең ауқымды дәріс», «Миға шабуыл», «Алты телпек», «Түртіп алу».
Пәнаралық байланыс: ән – күй, бейнелеу.
Құрал – жабдықтар: Маркер, стикер, А3, смайликтер, 6 телпек, интербелсенді тақта, слайдтар, буклет, кітаптар көрмесі, бағалау бетшесі;


Сабақ барысы׃1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Қызығушылықты ояту.
Білу Абай шығармаларында отбасын құру, жар таңдау, әйел теңдігі, адал махаббат мәселесі ерекше сөз болған.
Мағынаны тану
«Білектей арқасында өрген бұрым...» - Абайдың 1889 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 4 шумақтан тұрады, барлығы 16 жол. Сұлу қыздың сыртқы бейнесі суреттеледі. Ақын халық ұғымындағы қыз сұлулығының негізгі белгілерін тізбектеп келіп, жас арудың жалпы жұртты тәнті қылатын бет әлпетін кескіндейді, сыртқы сымбатын сипаттайды. Көрмеген көзге де айқын елестейтін бедерлі бейнесін жасайды. Мұны, бір жағынан, халықтың ұғымында қалыптасқан әйел сұлулығының шарты деп қабылдасақ, екінші жағынан, арманды әйел ажары жөніндегі автордың өз қалауы, өз талғамы деп те бағалауға болады. Ондай сұлулықтың қалыптасқан белгілері: қолаң шаш, ақ тамақ, қара қас, аялы мөлдір көз, маржандай тіс, бұраң бел. Осындай көрікке бастағы кәмшат бөрік пен бұрымындағы сылдыраған шолпысы да жарастық тауып, қыз бағын асыра түскендей. Ақын сыртқы белгілерден әрі асып, қыздың мінез-құлқына, жан дүниесіне үңілмейді. Сұлу қыздың суретін салумен ғана тынады. Өлеңнің алғашқы шумағы аралас ұйқаспен келеді де, қалған шумақтары дәстүрлі қара өлең ұйқасымен жазылған. Түпнұсқасы Мүрсейіт қолжазбаларынан алынып, алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық керген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Өлең ағылшын, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, тәжік, түрікмен тілдеріне аударылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет