3. “Еркін жазу” стратегиясы. Абай өлеңдерінен өз бойларыңа қандай жақсы қасиеттерді сіңірдіңдер?Абай кім?
4. “Рефлекция” Бүгінгі сабақтан не түйдіңіздер?
Қорытынды.Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан , білуге ұмытушылықтан ізденуден жалықпайық.
Пәні: Абайтану Сыныбы:11 Күні: 16.02.2018 ж. Сабақтың тақырыбы: Абайдың «Толық адам» философиясы Сабақтың мақсаты: Жүсіп Баласағұнның «Жәуәнмәртлік»,А.Йассауидің «Хал ілімі» және Абайдың «Толық адам» ілімінің арасындағы ұқсастықтары мен ерекшеліктері және дәстүр жалғастығы туралы мәлімет беру. Ақын мұрасы арқылы ,оның толық адам тағылымы негізінде оқушыларға адамды сүю,оны құрметтеу,биік адамгершілік,елжандылық,имандылық, ізгілікті мансұқ ету,өзін-өзі тануына,бірін-бірі тәрбиелеуге ықпал ету.Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін талдай отырып,ақыл,қайрат,жүрек ғылымның адам өмірінде алатын орнын түсінуге,адамның ішкі жан дүниесін түсіне білуге,өз бойларында осы қасиеттер болуы үшін күресе білуге баулу, Оқушыларды Абайдың «толық адам» туралы ұстанымдарымен таныстыру. Сабақ түрі: таным сабақ Әдіс - тәсілі: «Миға шабуыл» Құрал – жабдықтар:интербелсенді тақта, слайдтар, буклет, кітаптар көрмесі,
Сабақ барысы׃1. Ұйымдастыру кезеңі. - Қызығушылықты ояту. Мағынаны тану сатысыДиологтық оқыту.(Оқушылар бір –біріне сұрақтар қояды) 1. Өз заманында Абай өлеңдерінің маңызы болды ма?
2. Қазіргі заманда Абай өлеңдерінің маңыздылығы қанша?