Тырнақша – сөйлем ішінде келетін тыныс белгісі.
Тілдік бағдар
МЫСАЛ
|
ҚОЙЫЛАТЫН ОРНЫ
|
"Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын" - депті Әлібек би.
|
Төл сөз тырнақшаға алынып жазылады.
|
«Ақыл – жастан» демекші, Арманның бұнысы табылған ақыл екен.
|
Мақал-мәтел, афоризмдер сөйлемде қолданылғанда тырнақшаға алынады.
|
Иә, жобаға келеді, мына «данышпан қыз» дұрыс айтып отыр (Қ.Ж).
|
Кекету, ажуалау және кері мағынадағы қолдану үшін айтылған сөз тырнақшаға алынады.
|
Жұмысқа берілгендігі сонша, анадай жерде «Газик» келіп тоқтап, ішінен екі адам шыққанын да байқамай қалыпты (Ш.А).
|
Зауыт, комбинат, фабрика, мәшине маркасы, ұшақ т.б.қойылған аттар тырнақшаға алынады.
|
"Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі Төле Әлібекұлы – қазақтың қоғам қайраткері, шешен.
|
Газет, журнал, кітап, шығарма, кино т.б. аттары тырнақшаға алынады.
|
«А» – жуан дыбыс.
|
Нысан етіп алынған жеке сөйлемдер не сөз тіркестері, сөз, буын, әріп тырнақшаға алынады.
|
ТАПСЫРМА
Cөйлемдегі тиісті жерге тырнақша қойыңыз, не үшін қойылғанын дәлелдеңіз.
Сөйлем
|
Дәлел
|
Би тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ деген принциптен айнымауға тиіс.
| |
Абай – қазақтың бас ақыны- деген Ахмет Байтұрсынұлы
| |
М.Әуезовтің Қазақ әдебиеті тарихы еңбегімен таныстым
| |
Жауабыңызды тексеріңіз!
Достарыңызбен бөлісу: |