Сабақтың тақырыбы: Күн жүйесіндегі ғаламшарлар. БҮгінгі сабақТА


Тырнақша – сөйлем ішінде келетін тыныс белгісі



бет3/4
Дата10.05.2023
өлшемі293,85 Kb.
#91567
түріСабақ
1   2   3   4
Тырнақша – сөйлем ішінде келетін тыныс белгісі.

Тілдік бағдар

МЫСАЛ

ҚОЙЫЛАТЫН ОРНЫ

"Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын" - депті Әлібек би.

Төл сөз тырнақшаға алынып жазылады.

«Ақыл – жастан» демекші, Арманның бұнысы табылған ақыл екен.

Мақал-мәтел, афоризмдер сөйлемде қолданылғанда тырнақшаға алынады.

Иә, жобаға келеді, мына «данышпан қыз» дұрыс айтып отыр (Қ.Ж).

Кекету, ажуалау және кері мағынадағы қолдану үшін айтылған сөз тырнақшаға алынады.

Жұмысқа берілгендігі сонша, анадай жерде «Газик» келіп тоқтап, ішінен екі адам шыққанын да байқамай қалыпты (Ш.А).

Зауыт, комбинат, фабрика, мәшине маркасы, ұшақ т.б.қойылған аттар тырнақшаға алынады.

"Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі Төле Әлібекұлы – қазақтың қоғам қайраткері, шешен.
 

Газет, журнал, кітап, шығарма, кино т.б. аттары тырнақшаға алынады.

«А» – жуан дыбыс.

Нысан етіп алынған жеке сөйлемдер не сөз тіркестері, сөз, буын, әріп тырнақшаға алынады.

ТАПСЫРМА
Cөйлемдегі тиісті жерге тырнақша қойыңыз, не үшін қойылғанын дәлелдеңіз.

Сөйлем

Дәлел

Би тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ деген принциптен айнымауға тиіс.

Абай – қазақтың бас ақыны- деген Ахмет Байтұрсынұлы

М.Әуезовтің Қазақ әдебиеті тарихы еңбегімен таныстым

Жауабыңызды тексеріңіз!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет