Сабақтың басы
|
1.Оқушылармен амандасу.
2. Сергіту жаттығуы
Оқушылар орнынан тұрады, бір-біріне доп лақтыру арқылы бүгінгі күндеріне жылы лебіздерін арнайды.
3.Өткен сабақты пысықтау.
4.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарымен танысады.
5.Жаңа тақырыпқа шолу.
SketchUp Make программасында объектілердің үшөлшемді моделін құрастыруды қарастырайық. Ол үшін модельдерді құрастыруға қолданатын құралдармен танысамыз. Осы құралдарды қолданып, үшөлшемді модельдер құрастырамыз.
|
1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сергіту жаттығуын жасайды.
3.Өткен сабақты пысықтап, сұрақтарға жауап береді.
4.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
|
|
Кішкентай доп
Ауызша сұрақтар
Презентация Интербелсенді тақтада
|
Сабақтың ортасы
|
Жаңа тақырып.
SketchUp Make программасы геометрямен тығыз байланысты. Геометрия ғылымы геометриялық фигуралардың қасиеттерін зерттейді.
Конус,цилиндр, сфера (шар) тәрізді объектілер көлемі бар болғандықтан, олар айналу денелеріне жатады.
Жеке жұмыс.
Шар
Шар жасау үшін Сурет салу (Нарисовать) -Фигуралар (Фигуры) - Шеңбер (Круг) құралын таңдап, тігінен орналастырыңдар. Тағы бір шеңбер салып, көлденеңінен орналастырыңдар. Тік шеңбердің диаметрі бойымен Сызық құралының көмегімен тігінен орналасқан шеңбер диаметрін сызыңдар.
Сызықтың оң жағындағы бөлігін Өшіргіш (Ластик) құралының көмегімен өшіріңдер. Көлденең шеңберді сақина түрінде қалдырып, қалған жерін Өшіргіш құралымен кетіріңдер. Басқару (Ведение) құралымен тік орналасқан шеңберді тартып, шарға көлем беріңдер. Шарымыз дайын.
Конус
Конус жасау үшін Фигуралар (Фигуры) –Шеңбер (Круг) құралын таңдап, көлденең шеңбер мен Шеңбер центрінен жоғары Сызық (Линия) құралымен тікбұрышты үшбұрыш жасаңдар.
Басқару(Ведение) құралымен тікбұрышты үшбұрышты тартып, шеңбер бойымен айналдырып, көлем беріңдер. Конусымыз дайын.
Цилиндр
Цилиндр жасау үшін Сурет салу (Нарисовать) - Фигуралар (Фигуры) - Шеңбер (Круг) құралын таңдап,көлденең шеңбер сызыңдар. Сығып созу (Вдавить/вытянуть) құралының көмегімен шеңберді жоғары қарай созыңдар. Цилиндріміз дайын.
|
Мұғалімді тыңдайды
SketchUp программасында Шардың моделін құрастырады
SketchUp программасында Конустың моделін құрастырады
SketchUp программасында цилиндрдің моделін құрастырады
|
Стикер
4 балл
Стикер
3 балл
Стикер
3 балл
|
Интербелсенді тақта/компьютер
|