Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беріңдер. Берілген сөйлемдердің дұрыс-бұрыстығын анықтаңдар. Жер бетінде алты мыңдай тіл бар екені анық. Оның ішінде он үші «ең ұлы» тіл болып саналады. Әр халық өз ана тілін қастерлейді. Әр адамға ана тілі – ұлы тіл. Тіл әрбір адамға өмір бойы керек. Қазіргі уақытта көп тілді білу керек.
Дүниежүзінде ресми тіл ретінде қытай, ағылшын, орыс, испан, француз, араб тілдері қолданылады. Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33%-ы ағылшын тілінен, 15%-ы француз тілінен, ал 1%-ы неміс тілінен аударылады.
Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік мәртебеге ие болған. Соның ішінде қазақ тілі бар.
Қазіргі уақытта көп тіл білу – өнер. Оның ішінде, үштілді білу – үлкен өнер. Заманауи озық технологиялардың тілін білетін жастар ағылшын тілін жетік меңгереді. Халқымызда «Тіл тағдыры – ел тағдыры», «Жеті елдің тілін біл, жеті түрлі білім біл» сияқты мақалдарда да кездеседі.
3.Тыңдалым. Оқылым.Айтылым.
Тілдік бағдар: ережемен танысу
Тыңдалым,айтылым.
Жаңа сөздерді жазады, сөз тіркестерін, сөйлем құрастырады.
Шет тілі– басқа елдің тілі
Мысалы: Айнұр шет тілдерінің ішінен ағылшын тілін жақсы меңгерген.
Тіл үйрену курстары – тіл үйрететін арнайы оқыту курстары
Мысалы: Оқушылар аптасына екі рет сабақтан кейін тіл үйрену курстарына барады.
Тілдік деңгей– тілдегі сөздерді білу, түсіну, қолдану деңгейі
Қазақ тілінде кітап оқу арқылы оқушылар өз тілдік деңгейін көтереді.
Белсенді сөздер – жиі қолданылатын сөздер
Әр тілдің белсенді сөздері бар.
Тыңдалым.Оқылым.Айтылым 1.Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
2.Мемлекеттік тілді білу-Қазақстанның әр азаматының міндеті.
3.Бейбіт өмір сүру үшін татулық қажет.
4.Қазақ тілін білген адам қазақ халқының тарихын, мәдениетін біледі.
5.Көп тіл білу-рухани байлық.