Сабақтың тақырыбы: Кребс циклі. Циклдің негізгі және аралық қосылыстары мен реакция өнімдері


Сабақта жоспарланған іс – әрекеттер



бет2/3
Дата02.11.2022
өлшемі24,52 Kb.
#46981
түріСабақ
1   2   3
Сабақта жоспарланған іс – әрекеттер

Ресурстар, іс-әрекет түрі

Сабақтың басы
0-5 мин

Ұйымдастыру
Тақырыпқа енгізу сұрақтары:

  1. Ағзалар үшін энергия көзі болып табылатын қосылысты атаңыздар.

  2. Анаэробты ағзалардың энергия алуының ерекшелігі неде?

  3. Неге аэробты организмдер тыныс алу барысында оттегіні тұтынады?

  4. Жасушалық тыныс алу барысында оттегі қандай қызмет атқарады?

  5. Жасушалық тыныс алудың кезеңдерін атаңыз, ыдырау өнімдеріне қысқаша сипаттама беріңіздер.

Оқушылармен бірлесе отырып оқу мақсаты мен бағалау критерийлері айқындалады. Мұғалім оқушылардың жұптарына номер береді.






Сабақтың ортасы
6-35 мин



Мұғалім видео арқылы Кребс циклінің ашылу тарихымен таныстырады
(Жж) Оқушылар сілтемені ашып, анимацияны көріп, жұпта талқылайды.
Басқа жұптарға қоятын сұрақтарды дайындайды. Әр жұп 3 сұрақтан әзірлеп, стикерге жазады, қабырғаға іледі (стикердегі диалог). Басқа жұптар стикердің екінші бетіне жауап жазып, өз белгілерін қояды. Жұптар өз стикерлерін алып, жұптардың жауабын қарастырып белгі соғады. Бірнеше жұптың сұрақтары қарастырылады. Қайталатын сұрақтар қарастырылмайды.
Бұдан соң оқушыларға жұмыс парағымен жұмыс істеу ұсынылады
(Т) Оқушылар топтасады. Әр топқа 1 кілт ұсынылады.
1 топқа деректер кілті. Ол топ Кребс циклі бойынша нақты деректер келтіруі қажет.
2 топ. Әліпби кілті. Кребс цикліндегі барлық терминдерді алфавит ретімен жазып, қысқаша түсініктеме береді
3 топ. Егер де кілті. Бұл топ егерде деп басталатын үш сөйлем арқылы Кребс циклінің маңызын ашуы керек.
4 топ. Ешқашан кілті. Бұл топ ешқашан сөзін қолдана отырып үш сөйлем арқылы Кребс цикліне сипаттама береді. Топтар басқа топтың жұмысына кері байланыс береді
(өзара бағалау жүзеге асады).

https://www.youtube.com/watch?v=L6P-thadvIc
http://highered.mcgraw-hill.com/sites/0072507470/student_view0/chapter25/animation__how_the_krebs_cycle_works__quiz_1_.html
жұмыс парағы


тапсырма жазылған кілттердің суреті




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет