Кребс циклі. Циклдің негізгі және аралық қосылыстары мен реакция өнімдері
Оқу мақсаттары:
Кребс циклін сипаттау
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: Кребс циклін сипаттайды
Көпшілік оқушылар: Кребс циклінде жүретін үдерістерді түсіндіре алады
Кейбір оқушылар: Кребс циклінің тірі табиғаттағы маңызын ашады
Бағалау критерийі:
Кребс цикліне қатысушы негізгі және аралық қосылыстар мен реакциядан шығатын соңғы өнімдердіанықтайды
Тыныс алу тізбегі мен үдерістерді сипаттайды
Кребс циклінің ағзалар үшін маңызын анықтайды
Тілдік мақсаттар:
Кребс циклы кезінде жүретін үдерістерді, жасушалық тыныс алу кезеңдеріне қажетті терминологияны пайдаланып сызба құрастырады (жазылым дағдысы), диалогке түседі (айтылым дағдысы)
Пәнге қатысты лексика мен терминология Гликолиз, пируват/ пирожүзім қышқылы, кофермент, ацетил кофермент A, аралық өнімдер, көміртек қосылыстары, тотығу, АТФ, НАДФ, ФАДH2, матрикс, митохондрия
Диалог жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы
Кребс циклі жасушада............. іске асады. Кребс цикліне түсетін қосылыс............. Кребс циклінде түзілетін өнімдер.................................
Бұл циклдің маңызы.......................................