Тақырыпқа қатысты сөйлеу барысында сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.
Тілдік мақсат
Сәулет, сәулетші, құрылыс, құрылысшы, ғимарат, жаңа, қабат, көпқабатты
Құрылысшы үй салады. Сәулетші жаңа үйдің жобасын жасайды. Бұл – жаңа ғимарат. Бұл – көпқабатты үй.
1) Сәулет – сәулетші, құрылыс – құрылысшы
2) Кім не істейді? – Құрылысшы үй салады.
Құндылықтарды дарыту
Өзіне және өзгелерге құрмет құндылығы жеке және топтық жұмыстар барысында сөйлеу, өзара бағалау мен рефлексия кезінде көрінеді. Интеллектуалдық құндылық сабаққа ынта қоюы мен тапсырмаларды белгіленген критерийлерге сәйкес орындауы барысында жүзеге асады.