Қызығушылықты ояту «Көңілді доп» Өткен сабақтардағы сөздерді еске түсіру мақсатында оқушылар шеңбер бойында тұрып, бірінші оқушы бір сөз айтып, допты екінші оқушыға лақтырады. Екінші оқушы сөзден сөз тіркесін құрайды немесе сөйлем құрап айтады.
Оқушылар қима суреттерді сәйкестендіру арқылы
6 топқа бөлінеді. (Суреттер дидактикалық материалда)
Доп
Қима суреттер
Сабақ ортасы 36 минут
Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбы, оқу мақсаты және сабақ мақсатымен таныстырады.
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтарды көрсетеді. «Балалар энциклопедиясынан» («Балалар энциклопедиясы»,
3-том. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.-103 бет) судың пайдасына қатысты мәліметтерді оқиды, оқушылармен бірге талдайды.
... Су — табиғатта ең көп таралған құбылыс. Бүкіл гидросфера судан тұрады. Судың тіршілік үшін маңызы зор. Су– иіссіз, дәмсіз, түссіз сұйықтық. Атмосферада су бу, тұман, бұлт, тамшы және қар кристалдары түрінде кездеседі...
Бағалау критерийімен таныстырады. 2 минут
Оқылымалды тапсырмасы 3 минут Мұғалім слайдтан су тапшылығы мәселесіне қатысты оқушыларды жұпқа бөлуде қолданған суреттерді көрсетеді. Әр жұп өздеріне тиісті сурет туралы пікірлерін айтады. Алдыңғы сабақтардағы мәтіндермен байланыстырады. (Суреттер таныстырылымда)
Оқылым мәтіні Халықаралық зерттеушілер 2030 жылдары планета тұрғындарының 47 пайызына тұщы су жетіспеушілігі болатынын айтады.
БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Муннің: «Әлем тұщы су үшін соғыс жағдайына жақындады» деген сөзі қауіп-қатердің мәнін байқатады. Ұйымның Бас хатшысы бекер алаңдамайды. Оны халықаралық сарапшылардың зерттеулері де дәлелдей түседі. БҰҰ сарапшыларының зерттеулеріне қарағанда, 2020 жылдан кейін әлемнің 22 ірі мегаполисі құбырлар арқылы келетін тазартылған судың жетіспеушілігіне ұшырайды. Әсіресе Африка мен Қытай елдерінде қатты білінетін болады. Соның салдарынан Африка халқы Еуропаға көше бастайды екен. 2025 жылы әлемдік нарықта су экспорты халықаралық бизнеске жол ашады. Ғаламшардағы су тапшылығы мәселесі суды қайталап пайдалану технологиясын жасауға әкеледі . Ауыз судың бағасы мұнай бағасынан да бірнеше есе қымбат болады. Бұл болашақта күрделі мәселеге айналып, ауызсу үшін болатын соғыстарға әкелуі мүмкін.