Оқушылардың барлығы: тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді, мұғалімнің көмегімен тақырып бойынша сөйлейді
Оқушылардың көпшілігі:тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, сөйлемдеді толықтырады, тірек сөздер негізінде сөйлейді, сөздерді дұрыс байланыстырады
Оқушылардың кейбірі: тақырыпқа сәйкес тақпақ шығарады, мәтін құрайды
Бағалау критерийлері
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Тақырып бойынша сөйлейді.
Сөздердің байланысын сақтап жазады.
Үй тапсырмасын тексеру (Ж) Өзара тексеру
Қатар отырған екі оқушы бір-бірін тексеріп, бағалайды.
Есеп-жұмбақ шештіру арқылы сабақтың мазмұнын анықтайды.
Жұмбақ
Бесеуі аз деп балапан,
Қосты тағы 7 балапан.
Табыңдаршы ойланып,
Қанша болды балапан? (12)
Бүгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсыңдар?
Сабақ мақсатымен таныстыру Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
Тақырып бойынша сөйлеймін.
Сөздердің байланысын сақтап жазамын.
(МК, Ұ) Жаңа сөздерді суретті сөздік, мағыналас сөздер арқылы меңгерту
балапан ұя салады
мекендейді- тұрады, тіршілік етеді
Сөз тіркестерін және сөйлемдер құру Сары балапан. Сары балапан өте сүйкімді.
Орманда мекендеу(тіршілік ету, тұру). Аңдар орманда мекендейді.
(Ө) Тыңдалым Тыңдалым тапсырмасы Мәтінді 2 рет тыңдайды
Тыңдалым мәтіні Құстар жанды табиғатқа жатады. Олар жоғары ұшады. Құстар ұяларын ағаштың басына, үйдің шатырына, қораның төбесіне салады. Құстың балапаны ұяда өседі. Құстар- біздің досымыз. Суреттер мен сөйлемдерді сызық арқылы сәйкестендіреді. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазады.
Керекті сөздер: қарлығаш, ұясы, ұяда, қарлығаш
Бұл- қарлығаштың ... .
... жоғары ұшады.
... үйдің шатырына ұя салады.
Құстың балапаны ... өседі.
Қатар отырған көршілер жұмыстарымен ауысады. Бір-бірін тақтада көрсетілген дұрыс нұсқамен тексереді.
(МК, Ж) Оқылым. Диалогты рөлге бөліп оқиды.
Сұраулы, лепті, хабарлы сөйлемдерге сәйкес интонациямен оқуды еске түсіру.
-Қандай әдемі балапан! Бұл ненің балапаны?
-Бұл- тоқылдақтың балапаны.
-Тоқылдақ қайда мекендейді?
-Тоқылдақ орманда мекендейді.
-Тоқылдақ ұясын қайда салады?
-Ол ұясын ағаштың басына салады.
-Тоқылдақты неге «орман дәрігері» деп атайды?
-Себебі ол ағаштарды қорғайды.
1-2 жұптың жауаптары тыңдап, комментарий айту арқылы бағалау («Өте тамаша оқыдың», «Жарайсың!», «Сөздерді дұрыс оқыдың»).
Сергіту сәтіҚараокемен «Қарлығаш» әнін айту
(Т) Айтылым. Оқулықта берілген сурет бойынша жұмыс.
«Тыңдап отырған үштік» әдісі. Оқушылар үш адамнан тұратын топта жұмыс істейді. Топтағы бір оқушы – шешен, біреуі – тілші және үшіншісі – хатшы рөлін атқарады. Шешен суреттегі құстар туралы білетін ақпаратымен бөліседі. Қандай құс екенін, ұясын қада салатыны, немен қоректенетіні туралы әңгімелейді.
Тілші көмектесіп айтып отырады және түсініктеме беруді сұрайды. Хатшы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.
Топтар «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.
(Ж) Жазылым. Қабылдау деңгейлері әртүрлі оқушыларды жұптастыру. Кестеде берілген сөздерден сөз тіркестерін құрайды.
үйдің
бұтағы
қораның
қабырғасы
ағаштың
беті
талдың
төбесі
көлдің
арасы
таудың
етегі
тоғайдың
шатыры
үйдің
басы
Жұптар бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
(Ө) Айтылым. Өздеріне ұнайтын балапанның суретін салады және оны сипаттайды.
Қажетті сөздер: сүйкімді, әдемі, жұмсақ, кішкентай, салады, құстың, өседі, ұя салады
Дескриптор: