1-тапсырма (оқулықтың 107-бетіндегі 3-тапсырма).Оқыған мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру Оқушылар мәтінді топтарда оқиды. Әр топ мәтін мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастырады.
1-топтың 1 оқушысы мен 2-топтың 1 оқушысы тақтаға шығады. 1-топтың оқушысы өз сұрағын оқиды, ал 2-топтың оқушысы осы сұраққа жауап береді. Жауапты осы топтың басқа оқушылары да толықтыра алады. Осыдан кейін 2-топтың оқушысы өз сұрағын оқиды, ал 1-топтың мүшесі оған жауап береді. Басқа сұрақтармен де жұмыс осылай жалғасады.
Бағалау «Мадақ сөздер» арқылы жүзеге асырылады.
ТЖ 2-тапсырма (оқулықтың 107-бетіндегі 4-тапсырма). Тірек сөздерді қолданып, «Шығыс күнтізбесі» субұрқағы туралы диалог құрастырып жазу Тірек сөздер: мәрмәр тас, киіз үй, қызғылт, субұрқақ Мұғалім топтарға «Шығыс күнтізбесі» субұрқағының суретін және тірек сөздерді таратады. Тапсырманың орындалу жолын түсіндіреді. Оқушылар топтарда Әлібек пен Сашаның «Шығыс күнтізбесі» субұрқағы туралы диалогін құрастырып жазады. Топтар жазбаларын тақтаға іліп, рөлдерге бөліп оқу арқылы таныстырады. Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы орындалады.