Сәйкестендірген сөздер мен сұрау есімдігін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрастырады;
Өзіңді тексер! Қазақстанда қанша өзен бар? Қазақстанда ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар.
Елімізде қай теңіздің тартылуына байланысты экологиялық жағдай асқына түсуде? Елімізде Арал теңіздің тартылуына байланысты экологиялық жағдай асқына түсуде.
Бұлақ су қорының қай түріне жатады? Бұлақ жер асты су қорына жатады.
Көл суын адамдар нелерге жұмсайды? Көл суын адамдар ауыз су ретінде, мал суаруға, егін егуге, түрлі өндіріске жұмсайды.