6-бөлім: Су- тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология
Сабақтың тақырыбы:
Үлкен су қорлары. Сұрау есімдігі.
Оқу мақсаттары:
Ж3. Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру
ӘТН.4. Сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану
Сабақ мақсаты:
Тақырыптар бойынша деректер жинақтап, графиктік мәтін құрастыру
Есімдіктердің қызметін түсініп, зат есім, сын есімдердің орнына қолдану бойынша тапсырмалар орындау
Бағалау критериі:
Графикалық мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрін құрастырады.
Сұрау есімдігін қолдана отырып, сөйлемдер құрайды.
Сұрау есімдігі туралы мәлімет алады.
Есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолданады.
Саралап оқыту тапсырмалары
Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма) Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
Уақыты
Кезеңдері
Сабақтың мазмұны
Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?
Ресурстар
1 минут
Ұйымдастыру
Сәлеметсіздер ме?
6-сыныптың қазақ тілі пәніне қош келдіңіздер!
Сабағымыздың тақырыбы: Үлкен су қорлары. Сұрау есімдігі
«Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:
• Қазақстандағы үлкен су қорлары туралы мәліметті білесің;
Сенің меңгеретінің:
мәтін мазмұнын түсінесің;
деректерден графиктік мәтін құрастырасың;
есімдіктің түрлері бойынша мәлімет аласың,
есімдіктердің зат есім, сын есімнің орнына қолдануын меңгересің;
Видео-аудио суреттер, презентация, электронды құралдар, т.б.
3-5 минут
Жаңа сабақ
Ой шақыру Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде «Қазақ тілі» елінде, «Морфология» патшалығында «Есімдік» деген қарт болыпты. Қарттың жеті баласы болыпты. Олардың есімдері қалай аталады? Қане, атайық?
Ендеше, бүгін осы «Есімдік қарттың ортаншы балаларының бірі «Сұрау есімдігімен» танысамыз.
Қазақстан Республикасының су қоры. Су қоры – халық байлығы. Қазақстан жерінде өзен, көл, мұздықтар мен жер асты суының таралуы және Су қоры олардың деңгейлік ерекшеліктері ең алдымен климат факторларына, жер бетіне түсетін жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелді. Су қорларының ішінде өзен мен көл ағындарының маңызы аса күшті. Бірақ көпшілік өзен-көлдердің деңгейлері үнемі күрт ауытқып отырады. Қазақстанның маңызды табиғи қорларының бірі – жер асты суы. Жер асты суы өзінің ерекшелігі мен құрылысы бойынша жер үстінде орналасқан судан ерекшеленеді. Жер асты сулары жерге жауатын жауындардан толықтырылады. Су қорлары кең-байтақ аумақта біркелкі таралмаған.
Қазақстандағы жер беті ағын суы қорының негізгі көзі – мұздықтар суы. Таулық өңірлерден жалпы ауд.2033,3 км-лік 2724 мұздық анықталған. Жалпы мұз басудың тең жартысына жуығы Жетісу Алатауында, Іле мен Күнгей, Теріскей алатауларында, Алтай мен Сауыр жоталарында, Қырғыз және талас Алатауларында.
qazmath.net