Мұғалім: Бүгін М.Мақатаевтің «Аққулар» ұйықтағанда поэмасының екінші сағатын өтеміз. Яғни, поэманың басты идеясы мен композициясы және құрылымы туралы ой қорытамыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.Поэманы түсініп оқып келу. Аққулар тіршілігі туралы ізденіс жұмыстары.
Қане, аққулар туралы қандай ізденіс жұмыстарын жасадыңдар? (Оқушылар өз жұмыстарымен таныстырады)
1.Аққулар (лат.Cygnus) — қаз тәрізділер отряды, үйрек тұқымдасының жеке туысына жататын өте сымбатты құстар. Қазақстанда аққудың (Cugnus) үш түрі: сұңқылдақ аққу, сыбырлақ аққу, кіші аққу кездеседі. Мойны мен денесінің ұзындығы тең әрі иіліп келген. Тек Австралия мен Тасманияда кездесетін бір түрі ғана – шымқай қара.