2.Тіршілігініңкөп уақытын суда өткізеді, жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды, құрлыққа сирек шығады. Аққу – жұп құрып тіршілік етеді. Олардың мойындары 20 – 25 омыртқадан тұрады. Аққулар адамдар бара алмайтын, су жағалауларының түкпірін көбірек мекендейді. Олар қосарланып жүреді. Кіші аққу Тундрадан қыстайтын жерлеріне қайтқан кезде Қазақстанда кездеседі.
3.Аққу – жыл құсы. Қыс жылы кезде аққудың біраз тобы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында – Ақтау қаласының маңында қыстап шығады.
1.Аққулар (лат.Cygnus) — қаз тәрізділер отряды, үйрек тұқымдасының жеке туысына жататын өте сымбатты құстар. Қазақстанда аққудың (Cugnus) үш түрі: сұңқылдақ аққу, сыбырлақ аққу, кіші аққу кездеседі. Мойны мен денесінің ұзындығы тең әрі иіліп келген. Тек Австралия мен Тасманияда кездесетін бір түрі ғана – шымқай қара.
2.Тіршілігінің көп уақытын суда өткізеді, жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды, құрлыққа сирек шығады. Аққу – жұп құрып тіршілік етеді. Олардың мойындары 20 – 25 омыртқадан тұрады. Аққулар адамдар бара алмайтын, су жағалауларының түкпірін көбірек мекендейді. Олар қосарланып жүреді. Кіші аққу Тундрадан қыстайтын жерлеріне қайтқан кезде Қазақстанда кездеседі.
3.Аққу – жыл құсы. Қыс жылы кезде аққудың біраз тобы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында – Ақтау қаласының маңында қыстап шығады.
Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған еш уақытта оқ атпайды.