Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Ертең біз жол жүреміз»



бет2/5
Дата20.12.2022
өлшемі34,51 Kb.
#58496
түріСабақ
1   2   3   4   5
Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы
2 минут

7 минут


Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Сабақтың мақсатымен және күтілетін нәтижелермен таныстыру.
Үй тапсырмасын сұрау.
Қызығушылықты ояту. Қане, кім жылдам?Жаңылтпаштарды есте сақтай отырып, қайталайық.
Жаңылтпаштарда қандай етіс түрлері қолданыс тапқан?

  1. Екшегішпен шөп-шаламды екшеткізші,
    Екшеленген шөп-шаламды өлшеткізші.

  2. Иірім дөңгелене иірілді,
    Иінге иір-иір иірім
    Иректеліп үйірілді.

  3. Қабылдағыш құптағышты қабылдатқыз,
    Қабылданса, қапұл-құпыл дабылдатқыз.




Сабақтың ортасы

3 минут

15 минут

10 минут


Ал енді еске түсірейік:

  1. Етіс дегеніміз не?

  2. Етістің қандай түрлері бар?

  3. Өзгелік етіс дегеніміз не және ол қалай жасалады?

ЖЖ 1-тапсырма. Мәтінді оқып, етістіктерді өзгелік етіске түрлендір.
Біз мінген вагон лезде лық толды. Адамның әр түрін көрдік. Әр жақтан мінсек те, бір-бірімізбен тез тіл табысып кеттік. Бізбен бірге мектеп оқушылары да мінген болатын. Поезға мінгеннен көзіме алғаш көрінген солар еді. Әңгімелесе келе, олардың қайда, не себеппен бара жатқанын білдім. 
Олар дәстүрлі ән айтудан республикалық деңгейдегі жарысқа бара жатыр екен. Күні бойы домбыраларын тастамай, ән айтып, жаттықты. Асқақтаған дауысқа қазақи домбыраның күмбірі қосылғанда дәстүрлі әннің өлмегенін сезінеді екенсің. Дәстүрлі ән – ұлт қазынасы. Осы қанатты сөзді ұранындай көретін жандардың бірі – осылар.
Мен бұл балалардың өнерін көргенде, қатты қуандым. Олардың „91” тобы секілді шетелдік жұлдыздарға еліктемей, елімнің дәстүрлі әнін таңдауы жанымды жадыратты. Айгүл Қосанова, Нұрым Асқановтар сияқты Маңғыстауды әлемге танытатын жаңа ұрпақ өсіп келе жатыр. Өнердің өлмейтіндігінің бұл да бір айғағы. Қоңыр домбыраға құс қанатты әуен қондырған әннің болашағы алда да биік. Күй мен әнді кезектестіре тартып, олар бізге де шабыт сыйлады. Олардың түсетін кезі келді. Мен оларға шын жүректен сәттілік тілеп: „Жолың болсын, жолаушы”- деп қала бердім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет