Сабақтың басы
(5-10 минту)
|
Топқа бөлу
Бақытжан Тобаяқовтың «Ұлылыққа іңкәрлік» атты Қаныш Сәтбаевқа арнау өлеңінің шумақтары арқылы топқа бөлінеді
Ұлылыққа іңкәрлік
Қашап тастап ғұламалы көп ойлар,
Ойларынан өніп кетті тоғайлар.
Жезқазғанға алғаш түрен салғанда,
Жүрегіә де лүпілдейді оңай ма?
Жеңіп шықты небір қиян, қырсықты,
Қас дұшпаны тұрмай жатып тұншықты.
Сөйтіп мына сахараны дамыған,
Ортасынан ойы биік ұл шықты.
Ойы биік, ойы биік ғұлама,
(Ғұламалар мәңгі жерде тұра ма?)
Оның көңілі сонау кезден-ақ,
Ақбет таудан кең далаға құлаған.
Сыннан өткен батырлардай нар біткен,
Жез қорытып, долмиттен, карбиттен,
Еңбегіне қайран қалып, таңырқап
Иіледі оған мына тал біткен.
Иіледі тау да, тас та, дала да,
(Саған мәңгі қарыздар ғой, жан аға,)
Биік шыңдар, биік құздар, төбелер,
Ұқсайды ылғи Қаныш сынды данаға.
|