Дескрипторы: сюжетті уақыт тұрғысынан талдайды;
сюжетті кеңістік тұрғысынан талдайды.
ҚБ топ оқушылары өзара бағалау жүргізеді.
Сараланған тапсырмалар: Қолдауды қажет ететін оқушыларға шығарманың композициялық құрылымы жөнінде көмек кестесін ұсынамын.
Қабілеті жоғары оқушыларға сұрақ-тапсырмалар ұсынамын:
1. Неліктен шығарма роман-эссе деп аталды?
2. Қ.Сәтбаевпен бірге оқыған көрнекті қайраткерлердің ұлт келешегі үшін атқарған ерен еңбегін дәлелдеп сипаттап бер.
3. Уинстон Черчилльдің сұрағына Қаныштың: «Халқым менен де биік» деп жауап беруіндегі астарлы ойды қалай түсіндің?
Сабақтың аяғы (5-10 минут)
Кері байланыс: «Чемодан.Еттартқыш.Себет» әдісімен ілім деңгейлерін көрсетеді. Чемодан – алда қажет болар барлық алғаны. Еттартқыш – әлі де ой елегінен өткізетін дүниелері. Себет – қажетсіз мәліметтер.
Үйге тапсырма:
Қ.Сәтбаевтың образына байланысты кестені толтыру:
Шығармадан үзінді
Қаныш бейнесі
Менің қиялымдағы Қаныш
Рефлексия
Бүгіноқушыларне білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болдыма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?
Төңіректегі жұрт бұл ұяны «ағаш үйдегі мектеп» атандырған. Қаныш болса, 1909-1911 жылдарда оған қатынаған балалардың ең құртақандайы. Сірә, содан да шығар, ересек шәкірттер оны ерекше жақсы көреді... Әрине, ол жалғыз жүрмейді. Өз ауылының ересек балаларымен бірге келеді, көбіне Бапай, Жұмағұл, Нұрлан сықылды күтушілері әкеп салып, қайтарында да ат, шаналарын сайлап, күтіп тұрады.
2
«Қаныш Сәтбаев – жас қазақ инженері, Томск технология институтында білім алған, –депті Александр Викторович соңғы жинағының 267-түсінігінде. – Баянауыл әндерін ол көп біледі және келістіре орындайды. Мына жинақ үшін ол көптеген әндер мен әуендерді айтумен бірге, солар туралы өте құнды деректер қосып, әмбе әндер мәтінін орыс тіліне мұқият аударып та берді...»
3
Зерттеу үшін. Білу үшін. Көру үшін. Туған жерінің кен тасын ғана емес, соның ой-қырына түскен әрбір із, таңбаны, бір кезде болып өткен ескілі-жаңалы тарихты, мәнді оқиғаны жақсы біліп, халық жадында ұстау үшін. Ғылым керегіне, ел кәдесіне жарату үшін. Соны жас ұрпақ, кейінгі толқын көкейіне сеуіп, биік мұраттарға, ілгері мәдениетке жетелеу үшін... оның жаратылысы сол – іздену, әрқашанда іздену!...