…Менің атам Өтеміс Елдің қамын жеді ғой. …Өтемістен туған он едік - Онымыз атқа мінгенде, Жер қайысқан қол едік! Біз ер едік, ер едік, Ен Нарында жүргенде Талма талтүс шағында Тай жеген тарлан бөрі едік...
Бағалау критерийі
Дескриптор
Ақынның «Менің атым – Махамбет» өлеңінің негізінде автор бейнесін тану.
Махамбеттің батырлық қасиетіне ықпал еткен тұлғаларды өлеңнен табады.
Тұлғалардың ақынның батырлық қасиетіне ықпалын талдап жеткізе алады.
43
Мини-центра
Өзіңді тексер
Менің атым – Махамбет
Махамбеттің батырлық қасиетіне ықпал еткен тұлғалар
…Менің атам Өтеміс Елдің қамын жеді ғой. …Өтемістен туған он едік - Онымыз атқа мінгенде, Жер қайысқан қол едік! Біз ер едік, ер едік, Ен Нарында жүргенде Талма талтүс шағында Тай жеген тарлан бөрі едік...
Әкесі Өтеміс– елге ықпалды би болған адам. Оны ақын өлеңіндегі «Елдің қамын жеді ғой» - деген жолдардан түсінуге болады. Елін, жерін сүю Махамбет бойына әкесінен дарыған болар.
Он ағайыны туралы ақын «Біз ер едік», «Жер қайысқан қол едік!», «Тай жеген тарлан бөрі едік...» деп жырлайды.
Өлеңдегі осы сөздер Махамбет Өтемісұлының бір әкеден туған ағайындарының бәрі ержүрек батыр болғанынан және Махамбет ақынның бойына батырлық қасиет өзінің тәлім алған шаңырағынан қонғанын айшықтайды.