Сабақтың тақырыбы: «Математика майталмандары»



бет2/3
Дата11.04.2023
өлшемі1,01 Mb.
#81513
түріСабақ
1   2   3
1.«Ой ұшқырлығы»
2. «Ұлы ғалымдар»
3.«Текшемен ойын»
4. «Есептер сайысы»
5.«Графиктер сайысы»
6. «Жұмбақтар сайысы»
Бүгінгі сайыскерлеріміздің білімі мен біліктілігіне әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Жүйелі сөз шығады шабытты ерден
Жүйріктер бар талай сында озып келген
Білімі мен ақылын қайрат қылған
Жүзден жүйрік, мыңнан бір тұлпар деген
Бәйгеден келеді екен талмай шапқан
Жүйріктен тұлпар озар күш сынасқан, – дей келе, интеллектуалды сайысымызды бастаймыз.
І кезең: «Ой ұшқырлығы»
Бұл кезеңде әр сайыскерге математика және физика пәндерінен 10 сұрақтан қойылады. Әрбір дұрыс жауап үшін 1 балл. Жоғарғы ұпай – 10 балл.
1
1.Бағытталған кесінді (вектор)
2. Кәдімгі күнбағыс өсуі математиканың қай тарауына байланысты?(логарифм)
3. Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар қалай аталады (қарама-қарсы сандар)
4. Геометрияның негізін қалаған математик. (Евклид)
5. Әріпті өрнектің алдындағы сандық көбейткіш қалай аталады? (Коэффициент)
2
1. Төртінші дәрежелі теңдеу қалай аталады (биквадрат)
2. Барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш ( квадрат)
3. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда (диаметр)
4. Кеңістіктегі фигураларды зерттейтін геометрия бөлімі (стереометрия)
3
1. Іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы (косинус)
2. Нөлге және жұп цифрға аяқталатын сандар қалай аталады? (жұп сандар)
3. Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем.(Теорема)
4. Тұңғыш әйел-математик кім? (С.Ковалевская)
5. Квадрат теңдеудің D<0 болғанда неше шешімі бар? (Шешімі жоқ)
4
1. Квадрат теңдеудің D=0 болғанда неше шешімі бар? (1 шешім)
2.Бір нүктеден шығатын екі жартытүзуден құралған фигура (бұрыш)
3.Бұрыштың градустық өлшемін табуға арналған құрал (транспортир)
4.Екі қабырғасы тең үшбұрыш қалай аталады? (тең бүйірлі үшбұрыш)
5. Қарсы жатқан катеттің іргелес жатқан катетке қатынасы (тангенс)
5
1.Жазықтықтағы фигураларды зерттейтін геометрия бөлімі (планиметрия)
2.Барлық қабырғалары тең үшбұрыштар қалай аталады? (тең қабырғалы немесе дұрыс үшбұрыш)
3. Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы қанша градус (180 0)
4.Түзудің екі нүктесі мен олардың арасында жатқан барлық нүктелерден тұратын бөлігі (кесінді)
5.Қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы (синус)
6
1. 100 о бұрыш қай ширекте орналасқан?(ІІ ширекте)
2. Шаршының периметрі 88 см, 1 қабырғасы неге тең?(22)
3. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем.(Аксиома)
4. Квадрат теңдеудің D>0 болғанда неше шешімі бар? (2 шешім)
5. Екі санның қосындысы айырмасына тең бола ма?(О саны)
ІІ кезең: «Ұлы ғалымдар»
Әрбір сайыскерге экраннан ұлы математиктер мен физиктердің бейнесі көрсетіледі. Ғалымның еңбегі, енгізген жаңалығы туралы айтылып, есімін табу жасырылады.Дұрыс табылған бір ғалымның есімі үшін – 5 балл. Жоғарғы ұпай – 10 балл.

1.а)Логарифмді ойлап шығарған математик (Джон Непер)


б) Физикаға «электр тогы» ұғымын енгізген ғалым (Андре Мари Ампер)
2.а)Координаттар жүйесін ең алғаш енгізген ғалым (Рене Декарт)
б)Электромагниттік индукция құбылысын ашқан ғалым (Майкл Фарадей)
3.а)Тік бұрышты үшбұрыштың қабырғаларын катеттері арқылы табу формуласын ойлап тапқан ғалым (Пифагор)
б)Нүктелік денелердің өзара әсерлесу заңын тағайындаған ғалым(Шарль Кулон)
4.а) «Негіздер» оқулығының авторы (Евклид)
б)Бүкіләлемдік тартылыс заңын және қозғалыс заңдарын тұжырымдаған физик, математик (Исаак Ньютон)
5. а)Ең алғаш алгебра оқулығын жазған ғалым (Әл-Хорезми)
б)Салыстырмалылық принципінің негізін қалаған физик (Альберт Эйнштейн)
6. а) Отырардан шыққан ұлы ойшыл-математик, физик,астроном (Әл-Фараби)
б)Алғаш радиоқабылдағышты ойлап тапқан ғалым (Александр Попов)
ІV кезең: «Текшемен ойын»
Бұл кезеңде әр сайыскер ұяшық таңдау арқылы экранда көрсетілетін фигуралар мен тәжірибелердің атын табуы тиіс. Дұрыс жауап үшін 5 балл.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет