V кезең: «Графиктер сайысы» Бұл кезеңде экранға функциялардың графиктері шығады, сол график қандай функцияның графигі екендігін табуы тиіс. Дұрыс жауап үшін 10 балл.
VI кезең: «Жұмбақтар сайысы» Бұл кезеңде халықтық педагогикамыздың басты бөлігі болып саналатын жұмбақтар әр сайыскерге қағазбен тапсырма болып таратылады. Жауабын тауып әділ-қазылар алқасына өткізеді. Дұрыс табылған жауап үшін 3 балл.
Жалғыз бағыт білері
Бұрғанына көнбейді.
Жол көрсетіп береді,
Бірақ өзі көрмейді. (компас)
Өмірі оның қызық,
Жолында жоқ түзу сызық.
Басы да жоқ аяғы.
Бір айналым баяғы. (шеңбер)
Сайыс кезеңдері аяқталды. Әділ қазылар алқасы қорытынды ұпайды есептеп болғанша, көрермендердің көңілін аулайық.
Қорытынды: Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректілік,
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына – дей келе, интеллектуалды сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін әділ қазылар алқасына сөз береміз.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. «Мектеп» журналы.
2. В.Т.Лисичкин. Математика.
3.Интернет желілері.