ІХ. Ойлан тап. Топ мүшелері тақтаға шығады. Топ мүшесінен бір оқушы орнында қалады.Тақтада көрсетілген түрлі суреттерді орнында қалған оқушы синоним сөздерін қолданып, түсіндіру керек. Топ мүшелері оны табу қажет.
Глобус Мұғалім Цифрлар Циркуль Түзу
Бұрыш Төртбұрыш Алгебра 7 Көбейту Үшбұрыш
кестесі
Х. Ойымды жалғастыр. 1. Жеті жұрттың тілінбіл, жеті түрлі ілім іл
2. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар
3. Екі жақсы қас болмас, 2 жаман дос болмас
4. Досыңды 3 күн сына ма, 3 жыл сына
5. Бір елі ауызға - 2 елі қақпақ
6. 100 сомың болғанша, 100 досың болсын
7. 30 тістен шыққан сөз, 30 елге тарайды
8. Білгенің бір тоғыз, білмегенің 99
9. Бір кісі қазған құдықтан, 1000 кісі су ішеді
10. Жетіге келгенше жерден таяқ жерсің
11. Қырықта елең, 50-де алаң
12. 1000 досың болса да, біреуі жетпей тұрады.
13. Болар бала 7 жасында бас болар.
ХІ. Қорытынды. Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз. Жеңімпаздар марапатталады.