Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
№1-тапсырма:
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқып түсіндіреді,
берілген жаттығуларды орындатды.
|
1-тапсырма. Қазақстанның тәуелсіздік жылдары жеті жетістігін санамалап айтады.
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
- Сызбанұсқаны толтырады.
|
9-сынып оқулығы, жұмыс дәптері
|
|
№2-тапсырма:
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
4-тапсырма. Берілген мақал-мәтел мен фразеоогизимдерді сұхбатта айтылған үш жетістікпен немесе үш олжамен сәйкестендіреді.
Дескриптор: Жалпы – 4 балл.
- Тапсырманы сәйкестендіреді.
|
9-сынып оқулығы, жұмыс дәптері
|
|
№3-тапсырма:
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
6- тапсырма. Мәтінді зерттеп оқиды.
А) Мәтінді бөліктерге бөліп , әр бөлікке ат қояды.
|
|