9.1.1.1 мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру;
9.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу
Сабақтың мақсаты:
Білім алушылар мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыра алады.
Тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.