1.2.1.1 қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу.
Сабақтың мақсаты:
Табиғи материалдарды қолданып, апликация жасайды.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңі
Педагог әрекеті
Оқушы әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Ұйымдастыру.
Сәлеметсіңдер ме!
Сергіту сәті.
«Бөтелке» әдісі.
Балалар мен қазір мына бөтелкені қозғалтып отырамын, сендер оған қарап қимыл жасайсыңдар.
Амандасады.
Бөтелкеге қарап, қимылдар жасайды.
Ауызша мадақтау
Жарайсыңдар!
Бөтелке
Жаңа тақырыпты түсіндіру.Бекіту.
Балалар қазір қандай мезгіл?
Күзде жапырақтар қандай болады?
Балалар үйден жапырақ алып келдіндер ма?
Мына жапырақтарға қарайықшы. Жапырақтың пішіні қандай?
Ал, енді жинаған жапырақтардан «Көбелек» жасап көрейік.
Қажетті құрал- жабдықтар: қайшы, желім, жапырақ, А4 қағазы.
Алдымен, мына үлгіге қарайық.
Бірінші, қажетті жапырақ түрін аламыз.
Екінші, одан дұрыс форма жасап, қиып аламыз.
Үшінші, қиып алған жапырақтан көбелектің денесін желіммен жапыстырамыз.
Төртінші, көбелектің қанатын жапыстырамыз.
Бесінші, дайын жұмыс.
Ал, енді кім қалай жасағанын бағалайық.
Күз.
Сары, қызыл.
Иа.
Үшбұрыш, бесбұрыш, сопақ.
Қажеті құрал-жабдықтарды дайындайды.
Көлекті жасау үлгісін, ретін тындайды.
Көбелекті жасайды.
Дайын көбелектерін көрсетеді.
Шапалақ арқылы бағалау.
Бір шапалақ төмен.
Екі шапалақ жақсы,
Үш шапалақ керемет.
Қорытынды.
"Бас бармақ" әдісі.
Жоғары – сабақ ұнады, бәрін толық білдім.
Орта – бәрін білдім.
Төмен – түсінбедім.
Оқушылар қажетті бас бармақты таңдайды.. Бүгінгі сабақта не түсінгенін, қандай сұрақтар туындағанын айтады.
1.1.2.1 негізгі дене қозғалыстарын және олардың қарапайым дене жаттығуларымен қалай байланысты болатынын білу.
1.2.8.1 түрлі қарапайым әрекеттерді орындау кезінде өзінің рөлін және басқаларының рөлін білу, тани бастау, айырмашылықтарды құрметтеу.
Сабақтың мақсаты:
Қозғалыс ойындарындағы қозғалыс дағдыларын сабақ барысында кеңінен пайдаланады.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңі
Педагог әрекеті
Оқушы әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Ұйымдастыру.
Сәлеметсіңдер ме!
Спорттық киімдеріне назар аудару.
Амандасады.
Шапалақ арқылы бағалау
Жаңа тақырыпты түсіндіру.Бекіту.
Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау.Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану.Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.
Оқушылар «Нөмірлерді шақыру» ойынын ойнайды. Оқушылар 2 командаға бөлінеді және жалпы старт сызығына бір-бірлеп колонна бойынша тізіліп тұрады. Бөлмеде орын көп болса және ойыншылар саны көп болмаса, оларды бір сызыққа беттерін бір жаққа қаратып екі сапқа тұрғызуға болады. Ойыншылар тұрғызылған сызықтан (старт сызығынан) 2м қашықтықта параллель финиш сызығы сызылады.
Оқушылар әрбір колоннада (топта) тәртіптік нөмірлері бойынша саналады. Мұғалім өз тарапынан кезектестіру арқылы оқушыларды нөмірімен шақырады. Ұтыс ұпайы финишқа бірінші болып жүгіріп келген қатысушылар тобына жазылады. Көп ұтыс ұпай санын иеленген топ жеңеді.
Оқушылар «Шырша бүршіктері, емен жаңғақтары, жаңғақтар» ойынын ойнайды.
Ойыншылар ортасында жүргізушісі бар шеңберді құрайды, ал қалғандары үшке бөлініп, бір-біріне беттерімен қарап ортаға тұрады (бірінші нөмір — жүргізушіден үш-төрт қадамда). Мұғалім барлық ойыншыларға атауларды береді: бірінші үштік «шырша бүршіктері», екіншісі «емен жаңғақтары», үшіншісі «жаңғақтар». Белгі бойынша жүргізуші дауыстап атауларын атай бастайды, мысалы: «Жаңғақтар». «Жаңғақ» деп аталған барлық ойыншылар орындарын ауыстырулары қажет, ал жүргізуші бос қалған орынға жүгіреді. Егер бұл ойы жүзеге асса, онда орынсыз қалған ойыншы жүргізушіге айналады. Егер жүргізуші «Емен жаңғақтары» десе, үштікте тұрғандар екінші болып, «Шырша бүршіктері» десе, үштікте тұрғандар бірінші болып ауысады. Ойын меңгерілгеннен соң, жүргізушіге үштіктен екі немесе тіпті үш ойыншыны шақыруға болады, мысалы: «емен жаңғақтары, жаңғақтар». Шақырылғандар да орындарын ауыстырады.
Бірде-бір рет жүргізуші болмаған ойыншылар жеңіске жетеді.
Оқушылар қатардағы жаттығулар, жүгірістегі, жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.
Оқушылар ЖДЖ кешенін әзірлейді және орындайды., әрбір топқа ширату нұсқасын ойластыруды және өз нұсқасын ұсыну тапсырмасын алады. Әрбір топқа әр түрлі бұлшық еттерге ширату жасау тапсырмасын орындайды