Сабақтың тақырыбы: Мен мектебім мен сыныптастарымды жақсы көремін. Мәтіннің құрылымдық бөліктері



Дата27.11.2023
өлшемі0,97 Mb.
#129336
түріСабақ

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІ БОЙЫНША ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мұғалімнің аты-жөні:




Пән/Сынып:

Қазақ тілі 2 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

39-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

І бөлім. Менің мектебім

Сабақтың тақырыбы:

Мен мектебім мен сыныптастарымды жақсы көремін. Мәтіннің құрылымдық бөліктері.

Оқу мақсаты:

2.2.3.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтау
2.3.4.1 Берілген мәтіндегі оқиғаның аяқталуын жазу

Сабақ мақсаты:

Барлығы:
Мәтінді оқиды, тыңдайды, берілген мәтіннен негізгі ойды анықтайды.
Көпшілігі:
Мәтінді оз ойымен жалғастырып айтады, жазбаша тапсырманы орфографиялық нормаға сай көшіріп жазады.
Кейбірі:
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады, сәйкестендіру арқылы табады.

Бағалау критерийі:

Мәтіннің құрылымдық бөлігін ажырата алады;

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі



Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс (3 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Формативті бағалау
(1-10)

Ресурстар

1 минут

Ұйымдастыру

Тақырып, мақсаттармен таныстыру
Сәлеметсіңдер ме!
Сабағымыздың тақырыбы: «Мәтіннің құрылымдық бөлігі.» . Өтілген сабақта алған білімімізді бекітеміз.
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:

  • мәтіннің құрылымдық бөліктері

Сенің меңгеретінің:

Не меңгеретінін білу үшін




Слайд №1
Слайд №2

4 минут

Жаңа сабақ

Жаңа сабақты түсіндіру

Өткен сабақты қайталау


(мәтіннің құрылымдық бөліктерін еске түсіру)



Өткен тақырыпты қайталау. Бекіту

Дескриптор:
-мәтіннің құрылымдық бөліктерін алдыңғы өткен тақырып бойынша еске түсіреді, қорытынды жасайды;

Слайд №3



6 минут

Тәжірибе

1-тапсырма

  1. 10-жаттығу. "Құмырсқа мен Қарақоңыз" мәтінін оқып, сұрақтарға жауап бер





  1. Мәтінді мұқият тыңда.

  2. Сұрақтарға жауап бер:

  • Мәтіндегі оқиғадағы қатысушыларды ата

  • Құмырсқаның жақсы оқуының себебі неде?

  • Қарақоңыз неліктен уақыт кестесін дұрыс жасай алмады?

  • Өзің уақыт кестесін қалай жасар едің?




Дәптермен жұмыс
Мәтінде суреті берілген бөлікті көшіріп жаз
2- тапсырма
Мәтінмен жұмыс. Жоспарға сүйене отырып, мәтіннің бөліктерін анықта.

Сұрақтарға жауап бер:
1.Мәтінде неше бөлік бар?
2.Олар мәтіннің қай бөліктері?
3.Қай бөлік берілмеген?
4.Мәтіннің соңғы бөлігін өзің тауып айтып көр.
5. Сурет пен мәтіннің арасындағы байланыс бар ма, бар болса дәлелде.

Тақырыпты тәжірибе арқылы есте сақтау

Мәтіннің құрылымдық бөліктерін есте сақтап, жаттап алады



Дескриптор
- берілген мәтінмен танысады;
-сұрақтарға жауап береді;
- суреті берілген бөлікті көшіріп жазады;
(3балл)


Дескриптор:
- мәтінді оқиды, тыңдайды;
-Жоспарға сүйене отырып мәтіннің бөліктерін анықтайды;
-Қай бөлік берілмегенін табады;
-Соңғы бөлігін өзі тауып айтады;
-сурет пен мәтін арасындағы байланысты табды, дәлелдейді;
(5 балл)

Слайд №4

Слайд №5

Слайд №7
Слайд №8
Слайд № 9


8 минут

Бекіту

3-тапсырма

Мәтін тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, қайта құрастыр.


Ермектің осындай достары бар. Ол достарын жақсы көреді.
Меруерт сабақ үстінде ұялы телефонын шұқылаумен болды. Оның бұл қылығы сынып мұғаліміне ұнамады.
Бүгін оған Алмас пен Нұрлан келді. Хал-жағдайын сұрап, Ермекке әкелген суретті кітапшаларын ұсынды.
Балалардың бәрі сабақта. Ал Ермек болса ауырып, үйде қалды. Жалғыз өзі әбден зерікті.
- Мәтіннің соңғы бөлігін көшіріп жаз.

Тақырыпты меңгергенін анықтау

Дескриптор
- мәтінге сай келмейтін бөлікті алыптастайды;
-соңғы бөлікті орфографиялық нормаға сай жазады
(2балл)



Слайд №10


2 минут

Кері байланыс

Сабағымызды қорытындылайық. Өз өзіңізді бағалаңыз. Бүгінгі өтілген тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді жетістік баспалдағы арқылы белгіле






Слайд 12


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет