Оқытудың тілдік мақсаты өз ойын еркін білдіру;
Пәндік лексика және терминология Отан , ауыл, қала ,жауапкершілік.
Құндылықтарды дарыту
Жұптасып, топтасып жұмыс жасай білуге, өзара көмек көрсете білуге тәрбиелеу.
Алдыңғы меңгерілген білім
1-сынып курсынан «Менің отбасым» бөлімі
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
5 мин
Ұйымдастыру. Сәлемдесу, шаттық шеңберін құру.
Біз ақылдымыз!
Біз ынтымақтымыз!
Біз зейіндімізІ
Біз ынталымыз!
Біз өте жақсы оқимыз!
Біздің қолымыздан барлығы келеді.
Сабақтың ортасы
30 мин
(М.К; Ұ) «Граффити» миға шабуыл стратегиясы. Мұнда сыныптың әр жеріне Отан тақырыбына қатысты бірнеше сөзді жазып қоямын. Оқушылар берілен атауға қатысты сурет салады. Бір топ жазылған ақпараттарлы қорғайды.
Менің сүйікті -Қазақстаным!
Сен – менің аспанымсың!
Сен -менің жерімсің !
Сен -менің күнімсің !
Сен- менің жұлдызымсың!
Сен менің –Отанымсың!
Балалар ! Бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпқа арналады.? Шағын Отан дегеніміз не деген сұрақа қалай жауап берер едіңдер? Шағын Отан барлығымызда әр түрлі болуы мүмкін, ал біз өмі сүретін ел біреу ғана , ол біздің байтақ Отанымыз-Қазақстан. Біздің сабағымыздың тақырыбы –Қазақстан –менің Отаным! Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Кәне, менімен бірге қайталаңдар!
Біз бүгін еліміздің кең байтақ жерінің үстінен әуе шарымен ерекше саяхатқа аттанамыз. Қандай теңіз өзендер және қалаларымыздың бар екенін білеміз. Еліміздің бір шетінен екінші шетіне жеткізетін жолдарды таңдаймыз.
(М.К; ) Жаңа білімді меңгеру Қолдану
Топтық тапсырма:
1-топ:
Біздің қаламыздағы немесе ауылдағы мәдени орындар.
2-топ:
Менің туған жерімнің атын шығарған адамдар.
3-топ:
Менің ауылымның тарихы.
Дәптермен жұмыс.
Жұмыс дәптеріндегі 2-3 тапсырмаларды орындайды.
Сергіту сәті.