Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Оқушыларды ынталандыру мақсатында мадақтау арқылы бағалау
|
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып қосымша ақпаратпентанысады.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1-тапсырма: Сөйлемдерді сөз екпіні, ой екпіні және дыбыс екпініне сәйкес айтып көр.
1) Біздің ата-баба қонысымыз, атамекеніміз – Қазақстан.
2) Туған жер – адам баласының кіндік қаны тамған, өмірге қадам басқан қасиетті мекені.
3) Барлық адам үшін одан артық өлке жоқ.
4) Ол – менің Отаным, кішкентай ғажап әлемім. Туған жерім –
менің жерұйығым.
5) Мен үшін туған жерім ыстық.
2-тапсырма: Сыныптасыңа немесе досыңа Қазақстан халқы тілдері күніне арналған құттықтаухат жаз.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Сөйлемдерді сөз екпіні, ой екпіні және дыбыс екпініне сәйкес айтып көреді.
2. Сыныптасына немесе досына Қазақстан халқы тілдері күніне арналған құттықтаухат жазады.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
3-тапсырма: Оқулықта 11-тапсырмада берілген өлеңді екпін түрлеріне сай оқы. Ақын Төлеген Айбергенов «Туған еліме» өлеңінде қандай құндылық жайлы ой қозғайды?
4-тапсырма: Бұқаралық ақпарат құралдарынан, ғаламтордан ұлттық құндылықтар туралы ақпарат жина. Жинаған ақпараттарыңа сәйкес сұрақтар құрастыр. Оларды пайдаланып, ойбөліс өткізіңдер.
|