1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру;
1.3.1.1 жиі қолданылатын сөздерді тұтас оқу;
1.4.2.1* оқыған материалдарда кездескен таныс атауларды жазу.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:6-бөлімде өткен тақырыптарды қандай деңгейде меңгергендерін көрсете алады.
Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере алады, басқа оқушыларға сұрақ қоя алады.
Оқушылардың басым бөлігі:6-бөлімде өткен тақырыптар бойынша өзара тілдесе алады.
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап қолдана алады.
Кейбір оқушылар: 6-бөлім бойынша өткен материалдарды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңі/уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Оқушылардың сабаққа дайындығын
тексереді, амандасады. «Күлкі сыйла» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.
Оқушылардың назарын оқулықтағы материалға аударады. Оқулықта осы бөлімде өткен тақырыптар байланысты 8 сурет берілген. Мұғалім оқушылармен әр сурет бойынша жұмыс жасайды. Ең алдымен оқушыларға әр сурет бойынша берілген диалогтің толық нұсқасын аудиодиск арқылы тыңдатады, сұрақжауапты әр сурет бойынша хормен, жеке-жеке қайталатады. Содан кейін берілген суреттер бойынша диалогті толықтырып айтқызады. Бұл сабақта оқушылар 6-бөлім бойынша өткен тақырыптарды қайталайды, еске
Аудиодиск бойынша сөйлесу үлгілерін тыңдайды.
Содан кейін оқулық бойынша өздері толықтырып айтуға тырысады.
Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.
«Кел, қайталайық!» сабағындағы 8 суреттен тұратын тапсырманың дескрипторы:
Оқулық
Аудиодиск:
6.8.1
түсіреді. Мұнда өткен тақырыптармен байланысты 8 сюжет берілген. Оқушылар мұғалімнің көмегімен әр сюжет бойынша жұмыс жасайды. Ең алдымен оқушылар әр сюжетте берілген диалогтің толық нұсқасын тыңдайды, әр сюжет бойынша хормен, жеке-жеке қайталайды. Содан кейін берілген суреттер бойынша диалогті толықтырып айтады. Сыныптағы оқушылардың білім деңгейіне байланысты бұл екі тапсырманы керісінше де ұйымдастыруға болады.
Мұндай жағдайда оқушылар шығармашылық түрде жұмыс істеуге көбірек мүмкіндік алады. Мұның бір тиімді жағы: оқушылар дайын үлгіні қайталауға жаттықпайды, өз жауаптарын дайын үлгімен салыстыруға мүмкіндік алады. Жауапты өздері табу арқылы өз білімдерін көрсете алады, өздеріне деген сенімі арта түстеді.
Суреттермен жұмысты «Қызықты суреттер» әдісі бойынша топтық жұмыс ретінде түрлендіре алады. Ол үшін сыныптағы оқушыларды екі топқа бөліп, әр топқа 4 суреттен беруге болады. Диалогті дұрыс толықтырып айтқан топ жеңіске жетеді.
Келесі жұмыс түрі – жұптық жұмыс. Жұптық жұмысты мұғалім «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі бойынша
Топ
істейді. Біржаттығады.
сұрақ-
ішінде
жауап жүргізеді.
суреттермен
біріне сұрақ қойып, жауап беруге
Жұптық жұмыста оқушылар өзара
жұмыс
берілген сөйлесу үлгілерін өз бетінше толықтырып айта алады;