Сабақтың тақырыбы: ms access бағдарламасында Конструктор режимінде кесте құру Сабақтың мақсаты



бет3/4
Дата19.06.2023
өлшемі136,92 Kb.
#102267
түріСабақ
1   2   3   4
Мәтіндік (Текстовый) – мәтіндік ақпаратты сақтау үшін қажет.

  • МЕМО өрісі (поле МЕМО) – үлкен көлемдегі мәтіндерді сақтай алады.

  • Сандық (Числовой) – сандық мәліметтерді сақтау үшін қажет.

  • Дата/уақыт (Дата/время) - күн/ ай/ жыл форматында мерзімді және сағат/ минут/секунд форматында уақыт мөлшерін сақтау үшін қажет.

  • Ақшалай (Денежный) - ақшалай көрсетілген ақпаратты енгізу үшін қажет. Жалпы оларды сандық типтегі өріске де енгізуге болады, дегенмен осы типте жұмыс істеу ыңғайлы.

  • Санауыш (Счетчик) – жазбалар реттік нөмерін анықтау үшін қолданылады. Автоматты түрде бірден басталып, жазбаларды қайталанбайтын осы өріс мәні арқылы анықтап отыру үшін қажет.

  • Логикалық (Логический) - логикалық мәліметтерді (Иә/жоқ, 0/1, Ақиқат/Жалған, т.с.с) сақтау үшін керек.

  • OLE объектісі – OLE технологиясын сүйемелдейтін құжатарды, кестелерді, графиктерді және басқа объектілерді сақтау үшін қолданылады.

    Өріс аты деген бағанға өз керегімізше кестенің бағандары аттарын жазамыз.
    «Мәліметтер типі» өзі автоматты түрде толтырылып отырылады. Егер типі сәйкес келмесе сол өрістің типі тұрған жерге барып түртсек үшбұрыш тәрізді белгі пайда болады. Сол белгіге шертсек тип түрлері шығады, сәйкесін аламыз. Нәтижесінде төмендегідей кесте құрылымы алынады.



    Осы терезені жауып, сұхбат терезесінде сұрау бойынша Адрес-Телефон кітабы деген ат береміз де сақтаймыз. Сіз кестенің Конструктор режимінде құрылғанын көресіз!


    МБ - дағы кесте нысанында Адрес-Телефон кітабы деген атауға екі рет бассаңыз кесте ашылады. Кестенің түрі келесідей болады:



    Енді сіз кестені толтыруға дайынсыз!


    3. Жаңа сабақты бекіту

    Оқушылар мұғалім таратып берген парақтағы «MS Access бағдарламасында кестені Конструктор режимінде құру» деген практикалық жұмысты орындайды.






    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет