Сабақтың тақырыбы: О. Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» тақырыбы мен идеясы Сабақтың мақсаты



бет2/4
Дата01.06.2023
өлшемі172,07 Kb.
#97668
түріСабақ
1   2   3   4
Сабақтың басы
7мин

Сабақтың ортасы
8 мин

1-тапсырма
Жеке жұмыс «Пікірлер алаңы» әдісі
Берілген үзінділер арқылы автордың айтпақ ойын, көзқарасын анықта.
Дескриптор: автор көзқарасын анықтайды; 1 балл
Өзіндік ойын айтады. 1 балл
Ойын дәлелдейді 1 балл


1-үзінді
– Әке-шешең іздеп жүрер, үйіңе қайт, қорықсаң, мен шығарып салайын, - деді Тортай. "Әке-шешең" деген сөзді қырсығып айтқандай болды. Ал әкешешемнің тірі, жер басып жүргеніне мен кінәлі емес едім. – Сенің жаныңа жата кетсем қайтеді, - дедім оттың шаласын ысырып. – Қайтасың! - деді ол міз бақпай. Мен бүгін оны мүлдем танымай отырмын. – Қайтасың, әке-шешең менің басымды жарады. – Жармайды. Сен мені қума, дос емес пе едік. – "Ораза-намаз - тоқтықта ғана" деген. "Тоқ бала аш баламен ойнамайды" деген. Мен жауап бере алмадым, үндемеген қалпы, мыңқиып отыра бердім. Тортай мең-зең. Лаулаған отқа тесілген күйі күрсінді. Содан кейін нардан қарғып түсті де, тас үңгірдің тесігінен сыртқа үңілді.


2-үзінді
Тортай көзі жайнап, астындағы жақпар тасты тебініп-тебініп қалғанда, ар жағындағы шатқалға құлап кетеді екен деп, зәре-құтым қалмайды. – Ақ боз ат демекші, түнде түсімде көк өгізім арғымақ болып, жер тарпып кісінеп тұр. О несі екен? - деп, бұзауларымен бірге кәперсіз оттап жүрген өгізіне күн сап қарады. – Тортай, сен түбі сол ақ боз атқа мінесің, - дедім мен шын көңілімнен. – Қайдан, - деді ол тастан-тасқа секіріп, төменге түсіп бара жатып. - Қайдан білейін... Әкем марқұмның тақымы қотыр тайға тимей кетіп еді, қайдан білейін.


3-үзінді
Мен сұлап жатқан орнымнан белім кеткендей тұра алмадым. Шынымды айтсам, ұялдым - Тортайдан ұялдым. Батылым бармады. Бет-жүзім шыдамады. Сонда ғана менің есіме "баяғыда бір жетім бала болыпты..." деп басталатын ертектің қалай аяқталары оралды. Е-е, осылай аяқталады екен ғой, осылай... Тортай мінер ақ боз ат... менің тақымымда кеткендей еді..




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет