Сабақтың тақырыбы: Одағай сөздер және оның емлесі Сабақтың мақсаты



бет2/4
Дата12.05.2023
өлшемі18,5 Kb.
#92143
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
sabaq-kz attachment odaay-szder-zhne-ony-emles

1 - тапсырма
«Кім жылдам» ойыны
Зымыран сұрақ
Екі топқа бір уақытта бірдей сұрақтар қойылады. Әрбір топ мүшелері жылдам жауап беруі қажет. Бұл тапсырмада біліммен қатар жылдам ой қорытып, нақты жауап беруге – 15 секунд.
1. Одағай мағынасына қарай неше түрге бөлінеді? (3 түрге бөлінеді)
2. Одағайдың түрлерін ата. ( Көңіл - күй одағайы, жекіру - бұйыру одағайы, шақыру одағайы ).
3. Алақай, әттең, шіркін – одағайдың қай түрі? ( Көңіл - күй одағайы ).
4. Тәйт, жә, тек – одағайдың қай түрі? ( Жекіру, бұйыру одағайы ).
5. Шөре - шөре, құрау - құрау, моһ - моһ – одағайдың қай түрі? (Шақыру одағайы).
2 - тапсырма.
Оқулықпен жұмыс.Оқулықтағы 87 - жаттығуды берілген тапсырма бойынша орындатамын.
Одағайлардың тыныс белгісін қойып, мәтінді көшіріңдер.
– Шеше - ау, үсіп қала жаздапсыз ғой, түу, пешке, пешке таман отырмасаңыз болмайды екен.
– Шіркін, не керек, әттең - әттең, естімедім - ау!
– Апыр - ай, енді не істеуім керек, ренжітіп көңіліне қаяу салып алдым ба, қап?
– Уа, енді не қыл деп отырсың? – деді.
– Ех, мен кетем десем!
– Аһа, бұл күндіз осы маңда болады екен.
– Қап, мынаның баласын - ай!
Тақтамен жұмыс.
Оқушылар орындап жатқанда 2 топтан 2 оқушыны шығарып, тақтамен жұмыс жасатамын. (Екеуіне бір - бір сөйлемнен жазғызып, тыныс белгілерін қалай қойғанын тексеремін).
3 - тапсырма. Өзіндік жұмыс.
Мына еркін тақырыптар бойынша ішінде одағайы бар шағын шығарма жазыңдар. (5 - 6 сөйлем).
1. Тәуелсіздік – ел тілегі. 2. Қазақ тілі – ұлттың ұлы қазынасы. 3. Ауылым – алтын бесігім.
4 - тапсырма.
Поэзия стратегиясы.
Екі топқа қазақ ақындарының өлеңдерінен үзінді дауыс ырғағына келтіріп мәнерлеп оқытамын.
Өлең оқылып болғаннан кейін одағай қойылған орындар табылып, анықталады.
Жүрегім, ойбай, соқпа енді,
Бола берме тым күлкі.
Көрмейсің бе, тоқта енді,
Кімге сенсең, сол шикі.
(Абай).
Түтігіп, қап - қара боп тұрды Батыраш,
Жалғыз - ақ"Қап! Қап!" болып айтқан сөзі.
А, Құдай - ай! Бере көр!- деп ұмтылды.
Ұйытқып кеп соқты өкпеден жел сықылды.
Не болды - ай, бай - бай саған, Құлагерім?!
Суалдың, сорлы иеңнің бұлағы едің.....
(І. Жансүгіров).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет