ІV. Жаңа сабақты бекіту. Жаңа сабақты бекіту үшін диктант алынады.
Терме диктанттың мәтіні.
1. Апыр - ай, әніңіз неткен тамаша еді.
2. О, Алмас, сені де көретін күн бар екен - ау!
3. Е, болғанда қандай! Жігіт болған азаматым бар.
4. Есім жаңа кірді ғой, түу!
5. Пай - пай! Мынау нағыз азамат екен ғрй!
6. Әттең, тонның келтесі - ай!
7. Шөре - шөре, лағым, тентек болма, шырағым!
V. Жаңа сабақты қорытындылау.
«Топтастыру стратегиясы». Сабақты «Топтастыру стратегиясы» бойынша қорытындылаймыз.
Ол үшін тақтаға оқушылардың көмегімен ортасында күн бейнесі тәрізді жан - жағына күн шапағы тәрізді одағайға байланысты сызбалар орналастырылып, топтастырылады.
Одан соң одағайды қолдана отырып, оқушылардың бүгінгі өткен сабақтан алған әсерлері, ой - пікірлері тыңдалады.
VІ. Оқушылардың білімін бағалау, сайысты қорытындылау.
VІІ. Үйге тапсырма.Одағайды қатыстыра отырып, диалог мәтінін жазып келу.
Жаңа сабақты мына өлең шумағымен аяқтаймын
Тілеймін халқым амандық,
Келмесін басқа жамандық.
Шапағат нұрға шомылып,
Биікке ұмтыл ғаламдық!