Сабақтың тақырыбы: Қоғамдағы интернетке тәуелділік мәселері. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары§ 1.2, 13-бет «Үй тапсырмасы» тапсырмасы
6-сынып-кмж 2
Презентацияға арналған: Интернетке тәуелділік- пайдаланушының желіден дер кезінде, өз еркімен шығып кете алмауы және оғын қайта кіруге бүкіл ынтасының ауып тұруы сияқты психикалық ауытқуы. Интернетке тәуелділіктің себептері: Шын өмірде адамдармен тіл табыспауы; Компьютерден басқа нәрселерге қызуғышылықтарының болмауы; Өзін-өзі таныта алмау; Қоршаған ортаға көңілі толмау. Интернетке тәуелділіктің түрлері: Веб-серфинг - әртүрлі сайттардың беттерін парақтау, ешқандай мақсатсыз және мағынасыз ақпаратты ретсіз іздеу. Виртуалды қарым-қатынасқа тәуелділік - үлкен көлемде хат алмасу, чаттарға, веб-форумдарға үнемі қатысу, интернеттегі таныстар мен достардың көп болуы. Ойынға тәуелділік - бұл қолданушының желідегі компьютерлік ойындарға деген құмарлығы, ойындағы виртуалды әлеміне толық батуы, өз эмоцияларын бақылауға қабілетсіздігі, өте қатты алаңдаушылық танытуы, қиял әлеміне ену бейімділігі. Интернет арқылы сатып алу қажеттілігіне тәуелділік - Интернет-дүкендердегі қажетсіз заттарды сатып алу. Интернетке тәуелділіктің физиологиялық белгілері: Туннельдік синдром; Көздегі құрғақшылық; Бас аурулары; Арқаның ауырсынуы; Уақытында тамақтанбау; Жеке гигиенаны елемеу; Ұйқы режимін бұзу. Интернетке тәуелділіктің психологиялық белгілері: Жақсы көңіл-күй немесе компьютердегі эйфория; Интернетте отырғанда өзін-өзі тоқтата алмауы; Компьютермен өткізілетін уақыттың арттуы; Отбасы мен достарды елемеу; Интернетті пайдалануды тоқтатқан кезде алаңдаушылық тудыратын белгілердің пайда болуы; Әлеуметтік желілерде парақтарды үнемі жаңарту, электрондық поштаны жиі тексеру; Уақытты бақылай алмау мәселелері. Интернетке тәуелділіктің салдары: Желіде ұзақ уақыт жұмыс істеу уақыттың жоғалуына себепші болады; Компьютерлер мен планшеттерді шексіз пайдалану күн тәртібін бұзады; Виртуалды әлемде ұзақ уақыт болу нақты әлемде өмір сүру дағдыларының болмауына әкеледі; Эмоциялық тұрақсыздықтың пайда болуы, көңіл-күйдің өзгеруі желіге қол жеткізу болмаған кезде адамның мазасыздануына әкеледі; Түзу отырмау дене қалпының бұзылуына әкеледі; Көзге түсетін үлкен жүктеме көздің шаршауына және "компьютерлік көру синдромының" дамуына әкеледі. Жауаптары 2-тапсырма: Интернетке тәуелді адамдардың виртуалды қарым-қатынасының екі белгісін таңдаңыз. 1) әр түрлі компьютерлік ойындармен шұғылдану; жүктеу/скачать 0,57 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |