Электр өрісінің мағынасын тұжырымдай отырып, электр өрісінің кернеулігінің формуласын есеп шығаруда тұжырымдауды үйрену.
Орта мерзімді жұмыстың жоспарының жазбасы
Орта мерзімді сабақ жоспарын құрғанда оқушыларымның физика пәнінен осы тарауда нені үйрену керектігін және оларды қалай сабаққа тартамын, қалай оқу керектігін, бағалауды қалай жүзеге асырамын, қандай әдістерді жоспарлаймын және 7 модульдің ықпалдастығын өз сабақтарыма қалай кірістіремін деген сұрақтар төңірегінде ойландым. Тізбектелген сабақтарымның мақсаты мен күтілетін нәтижесін жоспарлауда нені үйрену керек және сыныптағы оқушыларымның деңгейін, жас ерекшеліктерін, дарынды және талантты оқушылардың негізгі ерекшеліктерін ескеру керектігімді жадымда ұстап жұмыстандым. Оқушылардың білім игерудің саналы түрде жүзеге асуы үшін күтілетін нәтижені блум таксономиясы негізінде жоспарладым. Блум таксаномиясы бойынша нәтиже білу, түсіну, қолдану және рефлексиядан тұрды. Австралиялық педагог-психолог Джон Биггс «оқушы жоғары баға алуы үшін жұмыстың күтілетін нәтижелері туралы білуі қажет және оларға жетуді үйрену керек» деген [2]. Осы нәтижелерге жетуде таңдалатын әдіс тәсілдерді Бағдарлама идеяларына сәйкес таңдадым. Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып жоспарланған жұптық, топтық, жеке жұмыстар бірлескен оқуды, үйренуді жүзеге асырадым.
Сабақ барысында оқушыларды сапалы оқыту – мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылатындығын үнемі жадымда сақтадым. Оқыту барысында жеті модульдің өзара ықпалдасуы орта мерзімді жоспардағы төрт сабақтың құрылымдарында анық көрініп тұр.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер мынадай ой тұжырымды негіздейді «балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады», яғни диалог негізінде оқыту, метасана, қалай оқу керектігін үйрену секілді әдістер тізбектелген сабағымның әр сатысында орын алып отырды. Оқушылар әр сабақтың кезеңінде бұл тәсілдерді ұштастырып отырды. Мысалы диалог оқушы мен оқушы, мұғаліммен оқушы арасында сабақтың барысында, ал қалай оқу керектігін үйрену сабақтың әдіс-тәсілдерінде анық көрініп сипат алды. Оқушыларды сабаққа қызықтыру мақсатында тәсілдерімді жүйелі жоспарладым, алдымен оқушыларға психологиялық тренингтер өткізіп, сабақ барысында жағымды атмосфера қалыптастыру және ынтымақтастықта жұмыстануды көздедім. Сабақтың тұсаукесер бөлімінде визуалды айғақтар, демонстрациялы көрсетілімдер, бейнекөрсетілімдерді, сұрақ-жауап, түркі сұрақтар қою арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауға бейімдеу негізінде жүзеге астты. Сабақтың негізгі бөлімінде "Ойлан,жұптас,талқыла", "ДЖИГСО", "Ой қозғау", "Миға шабуыл", "Венн диаграммасы", "Аквариумдағы балық", "Ыстық орындық", "Айналмалы бекет" секілді сын тұрғысынан ойлаудың және жаңа тәсілдерді өзара кіріктіре отырып оқушылардың белсенділіктерін және сабақты сапалы игеруге ынталандыру мақсатында жүзеге асырдым.Талантты және дарынды балаларды оқыту модулінде күнделікті сабақта оқушылардың есте сақтауын, оқу қабілетінің жылдамдығын, икемділігін, белсенділігін, көшбасшылығын анықтайтын кеңейтілген тапсырмалар, жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар беруді жоспарладым.АКТ кез-келген пәнді оқытуда білім технологияларын пайдалану мұғалімнің қарқынды дамуына, оқудың барлық үш аспектісін өзара байланыста белсенді қолдануына дайын болуын қажет етеді. Оқушылардың АКТ қолдану мүмкіндіктерін арттыру мақсатында ғаламтордан қосымша мәлімет алу, интерактивті тақтадан презентациялар көрсету, тақырыпқа сай www.youtube.com немесе www.kiwi.kz сайтынан видеороликтер көрсетуді жоспарладым.Сабақта оқушылардың жұмысына қолдау көрсету үшін өзін-өзі, жұпта бірін-бірі критерийлер арқылы өзін-өзі және өзара бағалау, топта өзара формативті бағалаудың "Екі жұлдыз, бір тілек","Мадақтау сэндвичі", "Бағдаршам", "Басбармақ",ынталандырушы сөздер арқылы сенім білдіру, мадақтау стратегияларын қолдануды жоспарладым. Бағалаудың осы түрлері арқылы оқушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтай алады. Тарауды жинақтау, қорытындылау үшін жиынтық бағалауды "А", "В", "С" деңгейі бойынша оқушыларға есеп арқылы өткізуді жоспарлап отырмын.
Орта мерзімді жоспарды жасау барысында мақсатты нақты қоюды, күтілетін нәтижені анықтап алуды, әртүрлі әдіс-тәсілдердің түрлерін және оларды тиімді қолдануды, барлық оқушыларды сабаққа тарту жолдарын, Блум таксономиясына сүйене отырып оқушылардың алған білімін біліп түсінуден, жинақтап бағалай алу дәрежесіне дейін көтеру үшін тапсырмаларды жоспарлауды, тізбектелген сабақтар топтамасын бір-бірімен байланыстыра алуды үйрендім.