Сабақтың тақырыбы: Ол қайда барады? Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары



бет2/2
Дата18.03.2023
өлшемі26,56 Kb.
#75380
түріСабақ
1   2
Байланысты:
2.Ол қайда барады

«Есте сақта!» айдары
бойынша мұғалім оқушылардың назарын бару етістігінің үш жақта қолданылуына аударады. Оқушыларға
барамын - барасың - барады
арасындағы айырмашылық түсіндіріледі. Мен сөзімен барамын, сен сөзімен барасың, ал ол сөзімен барады қолданылатыны айтылады. Оны жаттықтыру үшін, мәселен, мұғалім мен деп бастайды, оқушылар барамын деп аяқтауы керек. Осылай етістіктің үш жақта қолданылуы жаттықтырамын.
Дескриптор:

  • Етістіктің үш жақта қолданылуын жаттығады.

2-тапсырма. Толықтырып айт.

  1. Ол мектепке... 2.Ол дүкенге... 3.Ол саябаққа...4.Ол үйге...5.Ол тау...

Дескриптор:__Сөйлемді_толықтырып_айтады.__3-тапсырма.'>Дескриптор:

  • Сөйлемді толықтырып айтады.

3-тапсырма.
1-оқушы: - Сен қайда барасың?
2-оқушы: - Мен үйге барамын.
Мұғалім: - Ол қайда барады?
3-оқушы: Ол үйге барады.
Дескриптор:

  • Топтағы бірінші бала сұрақ қояды, екінші бала жауап береді, үшінші бала екінші баланың жауабын қайталайды.

(МК, Ұ) «Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар барады етістігінің болымсыз түрін түсіндіреді: Ол барады. Ол бармайды.
(Ұ) 4-тапсырма. Оқушылар барады, бармайды етістігінің қолданысын берілген сөйлемдерді толықтырып айту арқылы қайталайды.
Ол мектепке... Ол үйге...
Ол дүкенге... Ол тау...
Ол саябаққа...
Дескриптор:

  • Оқушылар барады, бармайды етістігінің қолданысын берілген сөйлемдерді толықтырып айту арқылы қайталайды.

ә дыбысын айтқанда жақ кең ашылып, ауа еркін шығады. Тіл төменгі тістерге тіреледі.
Сондай-ақ тілдің алға-артқа жылжуынан дауыстылар жуан, жіңішке болып түрленетіні белгілі. Дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке айтылуын жуан, жіңішке дауыстыларды (буындарды) салыстыра беру арқылы да жаттықтыруға болады. Мәселен: а-ә (ма-мә).
Ә дыбысы кездесетін сөздер қатарын суреті бойынша үйретеді. Олар: әже, әке, әріп. Сондай-ақ оқушыларға ә дыбысы кездесетін есімдер туралы да ақпарат беремін. (Әсет т.б.). Осыған орай оқушылар «Сенің атың кім?» деген сұрақты қайталайды, еске түсіредіМысалы: әже (кім?), әріп (не?), Әсет (кім?).
(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.

Оқушылар мұғаліммен амандасады.

Оқушылар назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке аударады.


Балалардың (Арай, Әділ, Арман) суреті арқылы оқушылар үй, саябақ сөздерін қайталайды, дүкен сөзінің мағынасын түсінеді.

Етістіктің үш жақта қолданылуын жаттығады.


Сөйлемді толықтырып айтады.

Топтағы бірінші бала сұрақ қояды, екінші бала жауап береді, үшінші бала екінші баланың жауабын қайталайды.

Оқушылар барады, бармайды етістігінің қолданысын берілген сөйлемдерді толықтырып айту арқылы қайталайды.
Ә дыбысымен таныстыру жұмыстарына қатысады.

Оқушылар ә дыбысының дауысты дыбыс екенімен танысады. Дауысты дыбыстар қызыл түспен, дауыссыз дыбыстар көк түспен берілгенін түсіндіремін.


Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.



ҚБ «Бағдаршам»


ҚБ «Бағдаршам»
ҚБ «Бағдаршам»


ҚБ «Бағдаршам»


ҚБ «Бағдаршам»

Оқулық

Аудио диск:


5.2.1.; 5.2.З.;
5.2.5.

«Есте сақта!» айдары


Оқулық

Оқулық


Ә дыбысымен таныстыру жұмысы
№2 жұмыс дәптері
Қосымша
тапсырма: 5.2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет