1.1.5.1Қимыл-қозғалыс,сұрақ қою,қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру.
1.2.4.1Шағын мәтінді/қарапайым оқиғаларды мазмұндау.
1.3.4.1Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қою
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:І,ІІ тоқсанда өткен тақырыптарды қандай деңгейде меңгергендерін көрсете алады.
Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере алады, басқа оқушыларға сұрақ қоя алады.
Оқушылардың басым бөлігі:І,ІІ тоқсанда өткен тақырыптар бойынша өзара тілдесе алады.
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап қолдана алады.
Кейбір оқушылар: І,ІІ тоқсанда өткен материалдарды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеремін. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырамын. Сабақ мақсатымен таныстырамын.
Жаңа сөздер Дүкен – магазин
1-тапсырма. Оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке аудартамын. Балалардың (Арай, Әділ, Арман) суреті арқылы оқушылар үй, саябақ сөздерін қайталайды, дүкен сөзінің мағынасын түсінеді. Оқушылар өткен сабақ бойынша саябақ сөзін саябаққа деген үлгіде қолданылуын біледі, сондықтан сол үлгі бойынша үй, дүкен сөздерінің де өзгеруі түсіндіріледі. Мысалы: үй - үйге, дүкен - дүкенге. Оқушылардың мына сөйлемдерді айта алуына назар аудару керек:
Мен мектепке барамын.
Мен тауға барамын.
Мен саябаққа барамын.
Мен үйге барамын.
Мен дүкенге барамын.
Мұғалімнің суреттер жиынтығында осы 5 сурет (мектеп, тау, саябақ, үй, дүкен) міндетті түрде болуы керек. Өткен материалды әр сабақ сайын қайталатып отырған жағдайда ғана оқушылар оқу материалын толық меңгеріп шыға алады.
Дескриптор:
Оқушылар назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке аударады.
Балалардың (Арай, Әділ, Арман) суреті арқылы оқушылар үй, саябақ сөздерін қайталайды, дүкен сөзінің мағынасын түсінеді.