Сабақтың тақырыбы Қолданбалы есептерді шешу


Компьютерде практикалық тапсырма орындау



бет3/4
Дата29.12.2023
өлшемі322,34 Kb.
#144595
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Сабақ жоспары Қолданбалы есептерді шешу 8 класс

Компьютерде практикалық тапсырма орындау.
1-тапсырма.
у1=2х + 2 және у2=х2 функцияларының х айнымалысы [-4;4] аралығында 1 қадаммен өзгергендегі мәнін есептеп, функцияның графигін тұрғызу. Осы функциялардың қиылысу нүктесін анықтандар.
Тапсырманы орындау алгоритмі:

  1. Кестені жасауда х мәнін [-4; 4] аралығында 1 қадаммен алайық. А1 ұяшығына -4, А2 ұяшығына -3 енгізіп, ерекшелеп оң жақ төменгі бұрышындағы автотолтыру + батырмасын А13 ұяшығына дейін апарамыз.

  2. Берілген х мәнін у1=2х + 2 функциясына салып, у1 мәнін есептеу үшін функцияға сәйкес =2*А1+2 формуласын В3 ұяшығына енгізіп, В13 ұяшығына дейін көшіріп қоямыз.

  3. Берілген х мәнін у2=х2 функциясына салып, у2 мәнін есептеу үшін функцияға сәйкес =2*А1+6 формуласын С3 ұяшығына енгізіп, С13 ұяшығына дейін көшіріп қоямыз.

  4. у1=2х + 2 функциясының графигін салу үшін А1:А13 және В1:В13 ұяшықтарды көшіріп Кірістіру(Вставка) – Нүктелік(Точечная)-Тегіс нүктелі иір сызық(Точечная с гладкими кривыми и маркерами) командаларын орындап, көк түсті сызықтық түзуді аламыз.

  5. у2=х2 функциясының графигін осы диаграммаға кірістіру үшін С3:С13 арасындағы ұяшықтарды көшіріп, диаграмманы ерекшелеп алып, Кірістіру(Вставить) командасын басамыз. Диаграммада қызыл түсті сызықтық түзу пайда болады. Функцияның графиктерінің қиылысу нүктесін шыққан суреттен қарап анықтауға болады.

Дескриптор:

  • алгоритмі арқылы функцияның нүктелік графигін тұрғызады.

  • Графиктердің қиылысу нүктесін анықтайды .

2-тапсырма.
Физикалық есептерді шешуде электрондық кестені қолдану
Тапсырма: Ток күші(I) мен кедергі(R) арасындағы өзара байланыс графигін құрыңдар. Кедергі 1 Ом мен 10Ом аралығында 1 Ом қадаммен өзгереді. Кернеу 40В тұрақты. (оқушыға жұмыс алгоримтмі берілмейді)
Тапсырманы орындау алгоритмі:

  1. Тапсырманы орындау үшін физикадағы тізбек бөлігі үшін Ом заңының формуласын жазамыз. I=U/R. Формулада байқалып тұрғандай ток күші мен кедергі арасында байланыс бар.

  2. С1 ұяшығына кернеудің тұрақты мәнін жазайық. Мысалы, U=40B. С1 ұяшығы абсалюттік ұяшығы ретінде пайдаланамыз.

  3. B2:В12 аралығына кедергі мәндерін қоямыз.

  4. С2 ұяшығына =$C$1/B2 формуласын жазып, С12 –ге дейін көшірмелейміз.



Дескриптор:

  • Абсолюттік сілтемені қолданады

  • функция графигін құруда диаграмманың типі, графиктік түрін анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет