Постер: Ұлы тұлғалардың өмірлік ұстанымы 1-топ: 1.Ешқашан берілмеңіз У.Черчилль!
2.Менің өмірлік ұстанымым — тек қана алға ұмтылу, өзара түсіністік, өзара көмек және бірлік.Ө. Жалайри
3.Не болса соған сене берме, қолыңда бардың қадірін біл, уақытыңды құр бекерге жіберме!Ғ. Мұтанов
2- топ: 1.Адамдар сенен көмек сұраса, қол ұшын созудан бас тартпа!А. Жұмаділдаев
2.Өмірдің әр сәтінен сабақ ал!Ш. Беркімбаева
3.Жүрекке жол таба біл!Д. Нұржігіт
3- топ: 1.Өміріңді адал және лайықты етіп сүргейсің! Ертеңгі күні қартайғаныңда өткеніңнен рахат алатындай бол! К. Шамшиденова
2. Үш нәрсені ұмытпа: өзіңді құрметте, өзгелерді құрметте және жасаған әр іс-әрекетіңе жауап бере біл!
Ж. Тәшенов
3. Алынбайтын асу, бағынбайтын белес, шешілмейтін түйін жоқ.Дж. Буш
4- топ: 1.Жүзігің алтын болғанша, жүзің жарқын болсын!
Д. Қонаев
2.Ата-бабаң басын имеген жерге, тізеңді бүкпе!
Р. Зайытов
3.Желдің бағытын өзгерте алмасаң да, мақсатыңа жету үшін кемеңнің желкенін көтере аласың.А. Винокуров
5-топ:
1Адам келіп өмірге, адам боп кету парызым.Б. Тілеухан
2. Өткенге өкінбе, болашақты болжама...Е. Обаев
Психологтар «ұстаным» ұғымын адамның іс- әрекетке бейімділігімен байланыстырады. Әлеуметтанушылар оны жеке тұлғаның негізгі құндылығы есебінде атап көрсетеді. Ішкі ұстаным - адамның өзіне, басқа адамдарға және өзін қоршаған әлемде болып жатқандарға қатынасының орныққан жүйесі. Сіздің ұстанымыңыз – сіздің таңдауыңыз.
Психолог Виктор Франклин мынаған сенеді: «Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық ерікке негізделеді» . Сіздің өмірлік ұстанымдарыңызды сіздің іс-әрекетіңіз анықтайды. Ал сарапшы, кеңес беруші Деннис Уайтли былай дейді: «Жеңімпаздың басымдығы туа біткен қабілетінде, интелектуалды коэффициентінде, дарында емес. Ол жағдайда емес, ұстанымда жатыр. Ұстаным – жетістіктің белгісі». Қалай қимылдау керектігін ұстаным анықтайды, сондықтан ол бірінші орынға ие.