Күні:
|
Мектеп: «Естай Есжанов атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп»
Мұғалімнің аты-жөні: Тлекешева Сафура Аскарбековна
|
Сынып: 6 Т1
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат». Такырыбы мен идеясы
|
Сабақтың мақсаты
|
6.1.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;
6.3.3.1 әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау.
|
Бағалау критерийлері
|
Көркем шығарма кейіпкерлерін портреті мен іс-әрекеті арқылы талдайды
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар орындай алады:
Кейіпкерді анықтай алады. Әлеумттік-қоғамдық мәселені түсінеді.
|
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Кейіпкерге сипаттама бере алады. Идеясы мен тақырыбын аша алады.
|
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттайды. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.
|
|
|
Сабақта қамтылатын құндылықтар
|
Адамгершілік, адалдық
|
АКТ-ны қолдану дағдылары
|
Интерактивті тақтамен жұмыс
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы»
|
Жоспар
|
Жоспарлана-тын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер
|
Басы
5 минут
Сабақтың ортасы
20 минут
Соңы
5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды шығармада кездесетін кейіпкерлердің есімдері арқылы топтарға бөлу.
Үй тапсырмасын пысықтау. «Ой толғаныс»
Қызығушылықты ояту
Әңгіме мазмұнын талдау(кестемен жазбаша жұмыс)
Әңгіменің аталуы
|
«Тортай мінер ақ боз ат»
|
Авторы
|
Оралхан Бөкей
|
Тақырыбы
|
Жетім өмірі
|
Идеясы
|
Жас бозбаланың биік арманының соғыс салдарынан орындалмай қалуы.
|
Кейіпкерлер
|
Тортай, фермер баласы
|
Қай кезеңді суреттейді?
|
Соғыстан кейінгі жылдарды
|
Әңгіме немен аяқталды?
|
Тортай арманына жете алмады
|
ә) Кейіпкерлер мінезін талдау (ауызша талдау)
Кейіпкер
|
Мінезі
|
Менің ойым
|
Әңгіме тілін талдау (тақтамен жазбаша жұмыс)
Жер, су аттары
|
Тұрақты тіркес
|
Мақал-мәтел
|
- Салықсалған
- Моңғолия
|
- Ит басына іркіт төгілу (молшылық)
- Қой аузынан шөп алмас (момын)
- Ұядай қылып жинау (жинақы)
- Мұрнын көкке көтеру (паңдану)
- Ішкені – алдыда, ішпегені – артта (байлық)
- Тақымы қотыр тайға тимеу (жолы болмау)
|
- Ораза-намаз тоқтықта
- Тоқ бала аш баламен ойнамайды
|
Екі шығармаға байланысты проблемалық сұрақтар қою.
«Жусан иісі» повесі мен «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі қалай аяқталды? (Оқушылар кітаптан екі шығарманың аяғын тауып оқиды)
Жетім балалардың армандарының орындалмай қалуына не кедергі болды? (Сұрапыл соғыс)
Екі оқиғаны қалай аяқтар едіңдер? (Оқушылар өз ойларын айтады)
Аян кеткенде, басқа балалармен көңілсіз болып Аянды қимаған кім? Тортайды өзімен бірге алып кететін шамасының жоқтығына қиналған кім? (Ол – Аянды қимаған оның жолдасы еді, Тортай үшін қиналған досы Ораш еді. Олар – осы шығармалардың авторлары - Оралхан Бөкей мен Сайын Мұратбеков).
Тортай кітап туралы қандай пікірде ? Кітапты неге пір тұтты?
Кітаптың адам өмірі, мінез құлқы үшін қандай маңызы бар?
Қос шығарма сендерге не үйретті? (Ойларын айтады)
: FILA сызбасын толтыру (F/Дерек/- шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау: I/Пікір/-кейіпкер туралы өзінің ой- пікірі; L/Сұрақ/ кейіпкердің образдық тұлғасын ашатын сұрақтар; / A Іс-әрекет/ автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілі.
F (Дерек) I (Пікір) L (Сұрақ) A (Іс әрекет) Дескриптор: 1. Шығармадағы кеіпкерлерді табады. 2. Кейіпкердің образдық тұлғасын ашады.
Үйге тапсырма: Егер мен Тортай болсам
Оқиғаны немен аяқтар едің... Қазіргі қоғам мен ертедегі қоғамдағы жетім баланың айырмашылығы.Осы тапсырма бойынша өз ойларыңды жазыңдар.
|
Презентация
|