БОРИБАЕВА САФУРА БОЛАТОВНА
"АБАЙ ЖОЛЫ"
РОМАН-ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ
ЕСІМДІ СӨЙЛЕМДЕР
Сімферополь
«ДІАЙПІ»
2012
2
УДК 811.51=512.122
ББК 81.2
Б82
Баспаға əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Халықаралық қатынастар факультетінің Ғылыми Кеңесі шешімімен ұсынылған
(№ 8 Хаттама 27 наурыз 2012 жыл)
Друкується за рішенням Вченої Ради факультету кримськотатарської та східної
філології Таврійського національного університету імені В.І. Вернадського.
Протокол № 10 от 27 квітня 2012 г.
Ғылыми редакторы: филология ғылымдарының докторы, профессор Б. Шалабай
Науковий редактор: кандидат філологічних наук, доцент Л.Селенділі
Рецензенттер :
Б. Сағындықұлы (Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ
филология ғылымдарының докторы, профессор)
А.Ш. Байтукаева (Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ
педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор)
А. Меметов (доктор філологічних наук, професор, ТНУ імені В.І.
Вернадського, Україна)
Л. Селенділі (кандидат філологічних наук, доцент, ТНУ імені В.І.
Вернадського, Україна)
Монографія призначена для студентів і викладачів філологічних факультетів вищих
навчальних закладів. Дослідження іменних речень в романі-епопеї М. Ауезова «Шлях Абая»,
теоретичні думки та концепції, що розглядаються в монографії, можуть використовуватися
як допоміжний навчальний посібник для елективних курсів, а також при проведенні науково-
дослідних робіт у сфері тюркського синтаксису. Результати дослідження можна також
застосувати під час лекцій з «Синтаксису сучасної казахської мови» та «Аналізу художнього
тексту», використовувати в практичній, теоретичній і прикладних цілях аспірантами,
викладачами та науковцамі, яки проводять дослідження в області тюркології.
Борібаєва С. Б.
Б82 "Абай жолы" роман-эпопеясындағы есімді сөйлемдер :
монографія / С. Б. Борібаєва. – Сімферополь : ДІАЙПІ, 2012. –
120 с.
ISBN 978-966-491-
Монографияда қарастырылған теориялық пікірлер мен қағида-
тұжырымдамалар арнайы курстарда, жоғары оқу орындарының филология
факультеттерінде көмекші құрал ретінде, сонымен бірге ғылыми-зерттеу
жұмыстарына пайдалануға болады. Сондай-ақ зерттеу нəтижелері «Қазіргі
қазақ тілі синтаксисі», «Көркем мəтін талдау» пəндерінен қосымша дəріс
оқуға да септігі тиеді. Зерттеу жұмысын практикалық, теориялық жəне
қолданбалы тұрғыдан пайдалануға болады.
УДК 811.51=512.122
ББК 81.2
ISBN 978-966-491-
© Борібаєва С. Б., 2012
3
Анам Мəпішке,
əкем Болатқа
арнаймын.
Посвящаю родителям –
матери Мапиш,
отцу Болату.
4
5
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ........................................................................................................................
1 ЕСІМДІ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ СИНТАКСИСТІК ЖҮЙЕДЕГІ ОРНЫ ............
1.1 Тіл біліміндегі есімді сөйлемдер, олардың зерттелуі..................................
1.2 Есімді сөйлемдердің ерекшелігі ....................................................................
1.3 М. Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы есімді
сөйлемдердің қолдану аясы..........................................................................................
2 «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН-ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ЕСІМДІ
СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ, ҚЫЗМЕТІ...............................................................
2.1 Есімді сөйлемдер.............................................................................................
2.1.1 Зат есімді есімді сөйлемдер ........................................................................
2.1.2 Сын есімді есімді сөйлемдер.......................................................................
2.1.3 Сан есімді есімді сөйлемдер .......................................................................
2.1.4 Есімдікті есімді сөйлемдер..........................................................................
2.2 Құрама баяндауышты есімді сөйлемдер.......................................................
2.2.1 Зат есімді құрама баяндауышты есімді сөйлемдер ..................................
2.2.2 Сын есімді құрама баяндауышты есімді сөйлемдер ................................
2.2.3 Сан есімді құрама баяндауышты есімді сөйлемдер .................................
2.2.4 Есімдікті құрама баяндауышты есімді сөйлемдер....................................
2.3 Көмекші есімді құрама баяндауышты есімді сөйлемдер............................
2.4 «Бар», «жоқ» сөзді есімді сөйлемдер ............................................................
ҚОРЫТЫНДЫ ....................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................
ҚОСЫМША А .....................................................................................................
6
КІРІСПЕ
Синтаксистің зерттейтін негізгі нысандарының бірі – сөйлем. Қазақ тіл
білімінің дамуы, қалыптасу тарихында бүкіл синтаксис мамандары:
А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, Х. Басымов,
С. Жиенбаев, Ш.Х. Сарыбаев, М. Балақаев, Т. Қордабаев, Р. Əмір, Қ. Есенов,
О. Төлегенов, М. Серғалиев, Т. Сайрамбаев, Б. Сағындықұлы, Ж. Садуақасов,
Ж. Жакупов, Т. Ермекова сол сияқты К. Оңалбаева, Б. Елікбаев т.б. жас
ғалымдар жай жəне құрмалас сөйлемнің түрлерін, бір-бірінен өзіндік
айырмашылықтарын, ішкі мағыналық, сыртқы құрылымдық ерекшеліктерін
жан-жақты зерттеді. Десек те бүгінгі таңда сөйлем түрлерінің тілімізде бар,
бірақ ғылымда əлі зерттелмеген түрлері зерттеу нысанына ене бастады. Сондай-
ақ сөйлемнің құрылымдық ерекшелігі, оған сөз таптарының тікелей əсері, оның
сөйлем мағынасына ықпалы да қолға алынып келеді. Қазіргі лингвистиканың
даму жағдайында тіл деңгейлері арасындағы байланысты анықтау қазақ тілінің
грамматикалық жүйесіндегі негізгі бағыттардың бірі болып саналады.
Грамматикалық бірліктер арасындағы парадигмалық қатынасты қарастыру
функционалды грамматиканың міндеті болып табылады.
Қазақ тіліндегі есімді сөйлемдер бір жүйеге түсірілмеген, оған
вербоцентристік көзқарастың ықпалы мол. Өйткені етістік шақ жəне модальділік
қатынасты білдіреді деген көзқарас басым орын алған. Сол себепті де жалпы тіл
білімінде (орыс тіл білімінде) есімді сөйлемдер толымсыз сөйлемдер деп немесе
нөлдік тұлғадағы сөйлемдер деп қана танылды. Ал түркі тіл білімінде А.П.
Поцелуевский, қазақ тіл білімінде М. Балақаев бірінші рет есімді сөйлемдерді
жеке бөліп, оның етістікті сөйлемдерден ерекше екенін алғаш көрсетті. Біздің
жұмысымызда қазақ əдебиетінің классигі, жазушы М. Əуезовтің «Абай»
эпопеясындағы есімді сөйлемдер, түрлері, олардың берілу жолдары,
жұмсалымдық мəселесіне назар аударылды. Соның бірі – автордың есімді
сөйлемдер түрлерін молынан қолдануы жəне олардың жасалу ерекшеліктерін
анықтау. Жалпы басқа түркі тілдерінде М. Əуезов сияқты жазушылардың
еңбектерін тілдік жағынан талдау жан-жақты қолға алынған. Ал қазақ тілінде осы
сияқты еңбектердің тілдік жағы тіпті сөз болмады десе де болғандай. Сөйлем
синтаксисі өте күрделі. Осы күрделілік олардың түр-түрімен байланысты. Қазіргі
кезде қазақ тілінде жай сөйлем, құрмалас сөйлем, жалаң, жайылма, жақты жақсыз,
хабарлы, лепті, сұраулы, бұйрықты, болымды, болымсыз, толымды, толымсыз,
белгілі жақты, белгісіз жақты, атаулы деп беріліп келеді. Осылайша сөйлемдерді
беру қалыптасты да, дегенмен соңғы кезде осы сөйлемнің түрлері қатарына есімді,
етістікті сөйлемдер дейтін де түрлері орын ала бастады.
Есімді сөйлемдерде ой қысқа, нақты түрде жеткізілетіні белгілі. Есімді
сөйлемдер стильге тек нақтылық пен қысқалық беріп қоймай, сонымен бірге
мəтін көркемдігін арттырып, шығарма мəтініне эстетикалық мəн, стилистикалық,
экспрессивтік реңк беріп, коммуникативтік-прагматикалық қызметте жұмсалады.
Сондықтан қазақ тіл біліміндегі ертеден келе жатқан есімді сөйлемдердің
ерекшелігін М. Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан іздеу, етістікті
сөйлемдерден өзгешелігі мен коммуникативтік мақсатын анықтау арнайы
7
зерттеуді қажет етеді. М. Əуезов романдарының көркемдік күшінің ең негізгі
ерекшеліктерінің бірі оның тіл шеберлігінде. Жазушы тілінің шеберлігі,
оралымдығы оның авторлық баяндауларынан да, табиғат көріністерінен де,
кейіпкерлердің сөздік, бейне сипаттарынан да əрдайым айқын көрініп отырады.
Қазақтың ғасырлар бойы жасалып, молығып келген тіл байлығын жазушы толық
меңгерген жəне сонысын өзінің романдарында мейлінше мол əрі шебер
пайдаланған. Тарихи тақырыпқа арналған шығарма болғанымен М. Əуезовтің
«Абай жолы» роман-эпопеясы қазақтың қазіргі əдеби тілімен жазылған жəне
сонымен қатар оны белгілі дəрежеде байыта, молықтыра түскен, жаңа биікке
көтерген. Бұл ретте М. Əуезов романдарының атқарған рөлі ерекше. Қазақтың
қазіргі əдеби тілінің байлығы мен алуан түрлі қырын М. Əуезовтің Абай туралы
романдары мейлінше анық көрсетті. Есімді сөйлемдерді тек «Абай жолы»
эпопеясынан ғана іздеу, оның ерекшеліктерін көрсету мəселесінің де өзіндік
ерекшеліктері бар.
Оның негізгі себебі мынада деп білеміз.Осы кезге дейін есімді, етістікті
сөйлемдердің жасалуы, эволюциясы туралы түрліше көзқарастар бар. Сонда ірі
ғалымдар есімді сөйлемдер бұрын қалыптасты десе, керісінше, етістікті
сөйлемдер бұрын қалыптасты деген де көзқарастар орын алуда. Əрине ол
ғылыми талас пікір.
Біз осы фактіні байқау үшін есімді, етістікті сөйлемдердің ХХ ғасырдағы
тарихи шығармалардағы берілу дəрежесіне көңіл аудару барысында есімді
сөйлемдер көп те, ал қазіргі шығармаларда керісінше етістік сөйлемдер көп
деген шешімге келдік, мұның себебі, біздіңше, бұрынғы жазба əдебиеті мен
ауыз əдебиетінде елді, жерді, табиғат құбылыстарын, қазақ халқының таным-
сенімін, мінез-құлқын, тұрмыс-салтын таныту жағы ерекше болса, соңғы
кездегі əдебиеттерде оқиға желісі көбінесе іс-əрекетке, талас-тартысқа
құрылғандықтан етістікті сөйлемдер басым болатын сияқты.
Зерттеудің дереккөздері. Тілдік материал негізінде М. Əуезовтің
1942 жылы шыққан «Абай» тарихи романының бірінші кітабы, 1947 жылы
шыққан екінші кітабы, түзетіліп 1952 жылы шыққан бірінші кітабы, «Абай
жолы» роман-эпопеясының 1956 жылы түзетіліп басылып шыққан екінші кітабы,
«Абай жолы» роман-эпопеясының 1961, 1989 жылдары жарық көрген 1,2 кітабы,
Қ.Б. Бектаевтың «М. Əуезовтің «Абай жолы» романының жиілік сөздігі алынды.
Зерттеудің теориялық жəне практикалық маңызы. Зерттеу барысында
қол жеткен ғылыми нəтижелер мен тұжырымдар есімді сөйлем туралы
теориялық зерттеулерге үлес қоса отырып, қазақ тіл білімінің синтаксис,
морфология, тарихи грамматика салаларының дамуына қызмет етеді. Осы сала
бойынша жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарына ықпалын тигізе алады.
Диссертациялық жұмыс қорытындыларын жоғары оқу орындарында
филология факультеттерінің студенттеріне қазақ тілінің синтаксис саласы
бойынша жəне көркем мəтін лингвистикасын талдауда оқылатын дəрістер мен
жүргізілетін практикалық сабақтарда, арнайы курстарда, орта мектептерде
көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
8
1 ЕСІМДІ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ СИНТАКСИСТІК ЖҮЙЕДЕГІ ОРНЫ
1.1 Тіл біліміндегі есімді сөйлемдер, олардың зерттелуі
Қазақ тіл білімінде ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап синтаксистің
объектісі сөз тіркесі жəне сөйлем болса, соның ішінде сөйлемнің орны қай
жағынан болса да ең елеулі орын алады деп айтуымызға болады. Тіл – қарым-
қатынас жасаудың құралы да, сөйлем - сол қарым-қатынас жасауда кісінің ойын
айтудың негізгі формасы. Кісінің ойы əр алуан, əрқилы болғандықтан, соларды
айту үшін жұмсалатын сөйлемдер, олардың құрамы да түрлі-түрлі болады [1,
106-107 бб.].
Сөйлем синтаксистік конструкциялардың ішкі құрылымдық ережесі
негізінде ұйымдасқан коммуникативті бірлік ретінде адам ойын бейнелейді.
Грамматикалық бірліктер арқылы өмірдің нақты көрінісі бейнеленетін
сөйлемде, олардың лингвистикалық сипаттамасы тұрғысынан келгенде
зерттеушілер арасында сөйлемнің лингвистикалық құрылымы төңірегінде түрлі
көзқарастар қалыптасқан.
Тіл біліміндегі сөйлем туралы, оның түрлері жөніндегі түрлі көзқарастарға
қарағанда, олар бір біріне қарама-қарсы болып келеді, енді бір пікірлер бірін-
бірі толықтырып, жинақтау сипатына ие.
Сөйлем, оның ережелері туралы пікірлер өте көп. Сөйлемге берілген
анықтамалар мен олардың белгілерін атауда тіл білімінде мына белгілер
анықталған: предикативтілік, модальділік, коммуникативтілік, интонациялық.
Профессор М. Балақаев сөйлемге мынандай анықтама берді: «Предикаттық
қатынас негізінде біршама аяқталған ойды білдіретін тиянақты сөздер тізбегін
сөйлем дейміз» – дейді [1, 16 б.]. Бұл анықтамадан предикаттық қатынас
арқылы сөйлем бастауыш, баяндауыш негіз болатынын басты өлшем болу
керек. Лингвистикалық əдебиеттерде баяндауыш қызметін етістік сөз табы
атқарады деген көзқарас басым болып, есім сөздердің баяндауыштық қызметі
ұзақ жылдар бойы назардан тыс қалып келді. Дегенмен барлық синтаксистік
еңбектерде сөйлемнің түрлеріне қатысты, баяндауыштың жасалуына қатысты
есім сөздер туралы айтылып отырды.
Қазақ тілінде сөйлемдердің зерттелуі ХІХ ғасырдан басталды деп айтуға
болады.
1839 жылы Қазан қаласында басылып шыққан А.К. Казамбектің
«Грамматика турецко-татарского языка» деген еңбегінде синтаксис мəселесін
«Общее словосочетание» (ІІІ бөлімі) түрінде ат беріп қарастырған. Негізгі
тарауларда сөздердің байланысы (словосочетание), есім мен етістік сөздердің
(не
формаларының)
синтаксистік
қызметі
сөз
болады.
Автор
«Словосочетаниені»
немесе
синтаксисті
логиканың
этимологиясымен
байланысу (тіркесу) тəсілі деп түсінеді. Демек, «Словосочетаниенің»
грамматикалық жəне логикалық тұрғыдан қаралатынын ескертеді» [2, 393 б.].
Ал сөйлем туралы «Кіріспеде» мынадай қысқаша түсінік берілген:
«…предложение или суждение о предмете посредством сочетания нескольких
слов» [2, 394 б.]. Сөйлем мен байымдау (суждение) бір-біріне тепе-тең болып
9
алынады. Сонымен бірге, сөйлемнің бастауыш пен баяндауыштан құралатыны,
баяндауыштың бастауышқа байланысты мағына білдіретіні аталып кетеді.
Сондай-ақ осы еңбекте бастауыш пен баяндауыштың қандай сөздермен
жасалатыны жəне қандай типті болатыны көрсетілген.
Баяндауышты дара түрі туралы былай дейді: «Несоставным могут быть:
1. Имена
существительные,
как
собственные,
так
нарицательные,
собирательные
и
отвлеченные,
определяющие
или
объясняющие
подлежащего… 2. Имя прилагательное, прямо определяющее качество или
состояние подлежащего. 3. Местоимения личные и притяжательные... 4. Имена
числительные… 5. Неопределенное наклонение всякого глагола… 6. Наречие
вообще» [2, 415-416 бб.].
Баяндауыш аталған сөз таптарынан болады деп, бірақ сол сөз таптарының
кейбір мағыналық, морфологиялық өзгешеліктері ескертілмейді. Ал, етістік
тұлғаларынан болатын баяндауыш туралы айтылмаған.
Профессор Қазамбектің осы еңбегі қазақ тіліне тікелей қатысты болмаса
да, түркі тілдерін зерттеуде ерекше орын алады. 1861 жылы Қазан қаласында
А.К. Қазамбектің шəкірттері шығарған Н.И. Ильминскийдің «Турецкая
хрестоматиясының» ІІІ томы тікелей қазақ тілін зерттеуге арналды.
Қазақ тілін зерттеуде, оның ішінде грамматиканың ең күрделі саласының
бірі синтаксис саласын зерттеген ғалым, профессор П.М. Мелиоранский болды.
Ғалым өзінің «Краткая грамматика казах-киргизского языка» деген еңбегінде
қазақ тілінің синтаксисін зерттеп, көбінесе жай сөйлемге, ал құрмалас сөйлемге
азырақ тоқталады.
Профессор П.М. Мелиоранскийдің «Синтаксисінде» сөйлем құрылысы,
бас мүшелер жайында былай айтылған: «При плавной, спокойной речи простые
предложения состоят по крайней мере из двух членов: подлежащего и
сказуемого; как подлежещее, так и именное сказуемое стоят в именительном
падеже, и подлежащее стоит обыкновенно перед сказуемым. Сказуемым могут
быть имена и глаголы. Если сказуемое выражено посредством имени (а равно
именной глагольной формы), то для показания связи между ним и подлежащим
употребляются при 1-ми 2-м лице обоих чисел предикативные местоименные
аффиксы, а при третьем лице обоих чисел частица «-ды», «-ді» и т.д. Эти
аффиксы, а особенно частица «-ды», «-ді», иногда опускаются.
Примечание. Если при именном подлежащем сказуемое выражено именем
прилагательным, то при нем обыкновенно повторяется имя, служащее
подлежащим. Например, «Твоя лошадь хороша» по-киргизски будет «Сенің
атың жақсы ат» [3, 1-2 бб.].
Бұл еңбекте жай сөйлемнің құрылысы, жұмсалу ерекшеліктері, бастауыш
пен баяндауыштардың морфологиялық, синтаксистік тұлғалары тар көлемде
болса да анықталмаған.
Cөйлем түрлері, жай сөйлем, құрмалас сөйлем синтаксисін зерттеу
сондай-ақ А. Байтұрсынов атымен де байланысты. 1925 жылы Қызылорда
қаласында басылып шыққан «Тіл-құралдары» (үш кітап) оқу орындарында
оқулық есебінде жұмсалған елеулі еңбек болды. Онда грамматикалық атаулар
10
мен дыбыс, буын, сөз, сөйлем, құрылыстары жайында жүйелі түрде
мағлұматтар берілген. Синтаксиске қатысты бастапқы мағлұмат үшінші «Тіл-
құралында» баяндалады [4, 6 б.]. А. Байтұрсынов еңбегінде жалаң, жайылма,
болымды, болымсыз, толымды, толымсыз, сұраулы, лепті, тілекті, жай сөйлем
жəне құрмалас сөйлем түрлерін бөліп қарастырады. Автор сөйлемдердің түрін
жеке бөліп қарастырғанымен, етістікті, есімді сөйлем түрлері туралы пікір
қозғамайды. Алайда автордың бұл еңбегінде сөйлем түрлерін ажырату
барысында мынадай есімді сөйлемдер кездеседі:
-Болымды сөйлем: Бурыл атта бұғау бар, оны да кесер егеу бар.
-Болымсыз сөйлем: Байлық мұрат емес, жоқтық ұят емес деген
сөйлемде мұрат емес, ұят емес зат есімдері мен болымсыз етістік арқылы
жасалған құрама баяндауыштар сөйлемді тиянақтап тұр.
-Толымды сөйлем: Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек.
-Жалаң сөйлем: Ет жасық. Қымыз-сусын. Аспан ашық.
-Жайылма сөйлем: Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.
Бұл сөйлемдердегі баяндауыштары жапырақ, шүберек, сусын, балада,
далада – зат есімнен, ашық, қымбат – сын есім сөз таптарынан жасалған есімді
сөйлемдер.
-Лепті сөйлем: Уф, алла! Тамаша қарағанға нұрың қандай!
А. Байтұрсынов жай сөйлемге мынандай анықтама береді: «Сұраусыз,
лепсіз, тілексіз айтылған сөйлемдердің бəрі жай сөйлем деліп аталады» - деп
«Өзің қойған зекетші, біздің елде
Жүзбай бар.
Жаңа мұның жолдасы қара
тамыр
Дадан бар.
Еріп жүрген соңында қырық-отыздай
адам бар
»-деген
мысалдар арқылы көрсетеді. Бұл мысалдардан көбінесе баяндауышы «бар» сөзі
арқылы жасалып отырғанын көреміз, тек бір ғана сөйлем: «Ат ерінді келеді, ер
мұрынды келеді» - деп етістікті баяндауыш түрін берген. Автор: «Сөйлемдер
арасында екі түрлі жақындық болады. Бірі – ішкі, бірі – тысқы. Ішкі жақындық
- мағана жүзіндегі жақындық. Мағына жақындығынан басқа жақындық жоқ
сөйлемдер іргелес деліп, мағына жақындығынан басқа қисын жақындығы бар
сөйлемдер құрмалас деліп аталады» - дейді. Автордың іргелес сөйлемдерінде
де есімді сөйлемдерді кездестіреміз, мысалы: «Күн ашық. Тоғайлар шат. Ың-
жың орман. Сыбағама қоңыр қаз. Үлесіме үш үйрек. Осы сөйлемдердің
баяндауыштары
ашық, шат
сын есімді,
орман,
жалпы есімді,
қоңыр қаз, үш
үйрек
күрделі есімді баяндауыштар арқылы берілген [4, 296-302 бб.].
Салалас құрмаластың: жиылыңқы, қайырыңқы, айырыңқы, сұйылыңқы,
қойылыңқы деп бес түрге бөліп көрсетеді. А. Байтұрсыновтың салалас
құрмаластың сұйылыңқы қиысу түріне берген мысалында да: «Сабыр түбі
сары алтын,
сарғайған жетер мұратқа, асыққан қалар ұятқа не болмаса
Шалқайғанға шалқай, пайғамбардың
ұлы емес
, еңкейгенге еңкей, атаңнан
қалған
құл
емес
».
Сабақтас құрмалас сөйлемдерді басыңқы жəне бағыныңқы мүшенің
атауымен аталатындығын көрсетеді: бастауыш бағыныңқы, анықтауыш
бағыныңқы, толықтауыш бағыныңқы, мезгіл пысықтауышының бағыныңқысы,
мекен пысықтауышының бағыныңқысы, сын пысықтауышының бағыныңқысы,
11
себеп
пысықтауышының
бағыныңқысы,
мақсат
пысықтауышының
бағыныңқысы, шартты бағыныңқы, ереуіл бағыныңқы. Автордың толықтауыш
бағыныңқы берген мысалынан есімді құрмалас сөйлемді кездестіруге болады:
«Кім жалқау болса, жоқтық соған
Достарыңызбен бөлісу: |