Еске түсіру сәті Үндестік заңы дегеніміз – сөз ішінде дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, біркелкі болып қолданылуы.
үндестік заңының 2 түрі бар: буын үндестігі және дыбыс үндестігі. Буын үндестігі – сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып үндесуі.
Дыбыс үндестігі дегеніміз – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ықпал етіп үндесуі. Оның 2 түрі бар:
ілгерінді ықпал
кейінді ықпал
Ілгерінді ықпал – қатар тұрған екі дыбыстың біріншісінің өзінен кейінгі дыбысқа ықпал етіп, өзіне ұқсатуы.
Сөз бен қосымша арасында:қаш - са (қашша)
екі сөз арасында: ақ балық (ақ палық)
Күрделі сөздерде:
а) біріккен сөз: көзқарас (көзғарас) ә) тіркескен сөз: ала кел (ала гел) б) қос сөз: құрбы-құрдас (құрбы –ғұрдас) Кейінді ықпал –қатар тұрған екі дыбыстың соңғысының өзінің алдынғы дыбысқа ықпал етіп, өзіне ұқсатуы
1) Түбір мен қосымша арасында: бас + шы (башшы) 2) Екі сөз арасында:ақ лақ (ағ дақ) 3) Күрделі сөздерде а) біріккен сөз: Есенгелді (Есеңгелді) ә) тіркескен сөз:он бес (ом бес) б) қос сөз: астан-кестен (астаң-кестен) IV. Жаңа сабақты бекіту. Оқулықпен жұмыс.